Date of publication: 07.10.2019 10:12
Date of changing: 07.10.2019 10:13

"Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде құрамында өңделмеген темекі өнімдерінің, рациялар мен дәрі-дәрмектердің кезекті ірі партиясы ұсталды

2019 жылдың 5 қазанында  "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде кедендік бақылау жүргізу барысында кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ және Алматы облысы бойынша ТЭД қызметкерлерімен бірлесіп, ҚХР-дан ҚР-ға шығу кезінде жалпы салмағы 430 кг болатын 21 620 қорап (432 400 дана) "Cavallo" және "Milano" маркалы темекі өнімдерін ұстады.

         Сол күні, кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында "Rapiscаn" рентген аппаратынан  Өзбекстан Республикасының азаматынан өткізу кезінде Қазақстан Республикасының арнайы органдарынан рұқсат талап етілетін "Baofeng" маркалы 52 дана рация анықталып, ұсталды.

         Сондай-ақ,  2019 жылдың 5 қазанында қораптарда "СТЕКЛО" деген жазуы бар люстра түрінде жасырынған, ҚР аумағына әкелуге тыйым салынған жалпы салмағы 60 кг. болатын қытай дәрі-дәрмектері ұсталды және тәркіленді.

         Аталған істің барлық мән жайы анықталуда, ұсталған тауарлардың кедендік құны анықталуда. Содан кейін барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.