Date of publication: 20.06.2019 16:22
Date of changing: 20.06.2019 16:24

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 19 сәуірдегі №2 49-VI  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының көлік мәселері өзгерістер мен қосымшалар енгізілгені бойынша мәліметті СЭҚ қатынасушылар назарына ұсынамыз.

Аталған заңнамалық актімен «Автомобиль көлігі туралы» Заңға бөлінбейтін жүктерден немесе арнайы бейiмделген автомобильдер-цистерналармен тасымалданатын сұйық жүктерден басқа, ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті көлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүріп өтуіне тиым салатын өзгерістер енгізілді.

Норма Заң ресми жарияланған күннен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осыған байланысты, 2019 жылдың 19 шілдесінен бастап аталған норма күшіне енгеннен кейін бөлінетін жүктерге арнайы рұқсат беру тоқтатылатынын естеріңізге саламыз.

Осыған орай, тасымалдаушылар мен СЭҚ қатынасушыларға, автокөлік құралдарының параметрлерін ҚР инвестиция және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы»№ 342 бұйрығына сәйкес сәйкестендіру қажет.