Date of publication: 20.05.2019 14:18
Date of changing: 20.05.2019 15:21

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Т.Сәрсембаев «Алтынкөл», «Нұр Жолы» кеден бекеттері мен «Қалжат» өткізу пунктінің жұмысымен танысты.

Іс-сапар барысында Т.Сәрсембаев шекарада кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелерді қарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша жауапкершілігін арттыру бойынша тиімді жұмыс жүргізуге ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тауарларды кедендік декларациялау кезінде мәлімделген мәліметтердің дұрыстығын арттыру бөлігінде кедендік әкімшілендіруді күшейтуді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне кедендік төлемдер мен салықтардың толық және уақтылы түсуін бақылауды күшейтуді тапсырды.

Жалпы 4 айда кедендік төлемдер бойынша түсімдер өткен жылдың 4 айымен салыстырғанда 4,9 есеге артып, 2018 жылдың 4 айында 5,2 млрд.теңгеге қарағанда 25,5 млрд. теңгені құрады (20,3 млрд. теңгеге артық).

Жеке тұлғалар бойынша кедендік кіріс ордерін рәсімдеу  бойынша  2,9 есе немесе 1 348 ФЛ артты (2018 жылдың 4 айында - 684 ФЛ, а.ж. 4 айында - 2 032 ФЛ).

Өткен жылмен салыстырғанда жеке тұлғалардан кедендік төлемдер мен салықтар 6 есе немесе 107,3 млн. теңгеге өсті (2018 жылдың 4 айында - 21,3 млн. теңге, ағымдағы жылдың 4 айында – 128,6 млн. теңге).