Date of publication: 11.04.2019 13:49
Date of changing: 11.04.2019 19:10

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VI Заңымен ҚҚС шегі ұлғайып, 364 млн теңгеден астам теңгені құрады, бұрын 75 млн теңгеден астам болды.

Осылайша, заң бойынша 82-баптың 4-тармағы, үш компонентті интеграцияланған ақпараттық жүйені міндетті түрде қолдана отырып, жеке кәсіпкер жеңілдетілген декларация бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асырған жағдайда ҚҚС бойынша шегін 114 184 АЕК-ке ұлғайтуды көздейтін екінші бөлікпен толықтырылды.

Үш компонентті интеграцияланған жүйе - деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтерді көрсетуді, жұмыстарды орындауды және тауарларды есепке алуды автоматтандыру жүйесімен жабдықталған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш компонентін алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.

Яғни, егер оңайлатылған декларация бойынша жеке кәсіпкердің табысы 364 млн.теңгеден аспаса, оның ішінде 289 млн. теңгеден астам сома үш компонентті интеграцияланған ақпараттық жүйені міндетті түрде қолдана отырып, есеп айырысудың қолма-қол емес нысанында жасалған болса, онда ЖК ҚҚС бойынша есепке қою бойынша міндеттемелер туындамайды.

Сондай-ақ ҚР Салық кодексінің 410, 412 және 421, 424-баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

410-бап 3-тармақпен толықтырылды, мұнда казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекер кеңсесі қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы осы Кодекстің 381-бабының 16-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын айналымнан қосылған құн салығы сомасының 85 пайызы мөлшерінде айқындалады.".

412-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылды: "Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде шот-фактура жазып беруге міндетті.:»

"6) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығарған кезде жүзеге асырады.»;

412-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылды: "3-1. Электрондық шот-фактуралар электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі арқылы жазып берілетін тауарлардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді және оның интернет-ресурсында орналастырылады.".

412-баптың 13-тармағы 7) тармақшамен келесі редакцияда толықтырылды "Шот-фактура жазып беру … қажет етпейді…

7) казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекер кеңсесі қызметі бойынша қызметтер көрсету арқылы жүзеге асырылады.

421-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылды: "2-1. Салық кезеңі үшін казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекер кеңсесі қызметтерін көрсету жөніндегі қызмет бойынша қосылған құн салығының сомасы мынадай тәртіппен есептеледі::

осы Кодекстің 381-бабының 16-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын айналымнан қосылған құн салығының сомасы,

минус

осы Кодекстің 410-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.»;

424-баптың 3-тармағы алып тасталды және мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылды:
 

"5. Казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекер кеңсесі қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілер осы Кодекстің 16-бөлімінің ережелеріне сәйкес салық есептілігін табыс етеді.»

Сіздерге мәлімет үшін жоғарыда аталған барлық өзгертулер мен толықтырулар қолданысқа 01.01.2019 ж. бастап енгізілетіні туралы хабарлаймыз.