Date of publication: 04.04.2019 10:59
Date of changing: 04.04.2019 11:03

 «Алтынкөл» кеден бекетінің «Алтынкөл» темір жол өткелінде кедендік бақылауда тұрған контейнерлер мен вагондарды кезекті кедендік тексеруден өткізу барысында кедендік тексеру тобының қызметкерлері ерекше қырағылық таныта білді.

       Атап айтсақ, үш  жауапкершілігі шектеулі серіктестеріне қарасты 14 контейнер мен 5 вагонды кедендік тескеруден өткізу кезінде тауар декларациясында мәлімделмеген және кедендік тескеруден жасырылған ірі көлемдегі контрабандалық әрекеттің бетін ашты. Тексеру қорытындысы нәстижесінде аталмыш жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бойынша кедендік тексеруден жасырылған тауарлардың кедендік құны 1 миллион 549 мың  АҚШ долларын құрады.

       Сонымен қатар, мемлекетке  кедендік төлемдер мен салықтарды төлемеу арқылы келген шығынның жалпы көлемі 142 781 859 теңгеге жетті.

       Қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.