Date of publication: 07.12.2018 11:05
Date of changing: 07.12.2018 11:14

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақаласын талқылады.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақаласын талдауға арналған жиынды Департамент басшысы Ерлан Құмарбекұлы Нұрланбаев ашты.

Е.Қ. Нұрланбаев өз сөзінде, Тәуелсіз Қазақстан-  экономикасы қуатты тұрақты даму жолына түскен, әлемдік көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы легінен орын алуға ұмтылған өзіндік ұстамы мен көзқарасын еркін білдіре алатын мемлекетке айналды.  Біздің ендігі межеміз осы бағыттан жаңылмай өткеннен өнеге ала отырып, көздеген мақсатымызға қол жеткізу  Осыны ескерген Елбасы Ұлы даланың Жеті қыры атты мақаласын жариялап ұлт тарихын танып- білудің жаңа кезеңін бастап беріп отыр.

Стратегиялық сипатқа ие бұл мақала көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдауға шақырады. Яғни әлемдік өркениетке қосқан үлесіміз бен жаһандық даму үрдісіне тигізген зор септігімізді  қайтадан зерделеп, дүниежүзіне жаңаша дәріптеуді үндейді.

Шын мәнінде, біздің Ұлы даламыздың ғалам мәдениеті мен өркениетінде өзіндік орны бар Оған ешкімнің таласы болмауы тиіс. Тек соны нақтылап, шегелеу үшін алдымен оның мәні мен маңызын өзіміз жете түсініп, түйсінуіміз керек- деп атап өтті.

Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақаласын талдауға өз ойларын білдіруге облыстық  «Жетісу» газетінің редакторы Әмре Әрінұлы Әрін мен Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Әбілмәжінұлы Келімсейіт  қатысты.

Өз пікірлерін Департамент қызметкерлері Ә.Әлішеров пен О.Карибаева білдіріп, ойларымен бөлісті.

 

     

Департамент басшысы Е.Қ. Нұрланбаев жиынды қорытындылай келе  

«Алдымызда тұрған ендігі міндет- Елбасы анықтап берген сол басымдылықтарды іске асыруға қоғам болып жұмылу. Бұл ауқымды жұмысқа бір кісідей ат салысып , өз үлесімізді қоссақ, көздеген мақсатқа қол жеткізу жеңілдейтіні анық. Ел дамуы мен тарихымызды танудың жаңа кезеңі жолында әрқайсымыздың аянбай еңбек еткеніміз абзал» – деп аяқтады.