Date of publication: 14.09.2018 15:17
Date of changing: 20.11.2018 11:11

Қазір Қазақстанда 2025 жылға дейін есептелген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды бағдарлама жүргізілуде. Оның негізінде жазалаудың бұлтартпастығы қағидасы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды танымал ету жатыр.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Алматы облысы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Департаментімен бірлесіп, "Сүрінбе!" жобасын жүзеге асыру шеңберінде Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Ақпаратты қабылдау және өңдеу Орталығының қызметкерлері үшін "СИ-16" тергеу изоляторына экскурсия ұйымдастырды.Проект направлен прежде всего на своевременное принятие предупредительных и профилактических мер.

Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаға әкеп соқтыратын салдар туралы түсінуі және ойлауы тиіс.

Осы бағыттағы бірлескен жұмыс жалғастырылатын болады.