Date of publication: 12.09.2018 16:22
Date of changing: 12.09.2018 16:23

Евразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 11 бабына сәйкес алдын ала акпарат ұсынудың мақсаты кеден органдарының тауарлар Еуразиялык экономикалык одактың кедендік аумағына келгенге дейін тәуекелдерді бағалау және кедендік бақылау объектілерін, нысандарын және кедендік бақылау жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды таңдау туралы алдын ала шешімдер қабылдауы үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өтуіне жоспарланатын тауарлар туралы мәліметтер алуы болып табылады.

Кеден органдары алдын ала акпаратты кедендік операциялар жасауды жеделдету және кедендік бақылау жүргізілуін оңайландыру үшін пайдаланады.

Алдын ала ақпарат электрондық құжат түрде ұсынылуы мүмкін.

Электрондық кұжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпарат тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар етуге, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға, кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялар жасау, сондай-ақ Комиссия айқындайтын өзге де кедендік операциялар жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Алдын ала ақпарат тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келгенге дейін, аумағында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуі жоспарланған орны орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттік кеден органына ұсынылады.

Алдын ала ақпараттың міндетті түрде ұсынылуының қажет емес кездері:

- жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау кезінде;

-  халықаралық пошта жөнелтімдерінде жіберілетін тауарларға;

- жеке дәрежелік шетелдік тұлғаларымен тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау кезінде;

- түрлі апаттар мен авариялардың салдарларын жою үшін қолданылатын тауарларды өткізу және әскери жүктерді тасымалдау кезінде.

СЭҚ катынасушыларымен алдын ала ақпаратты ұсынудың артықшылықтары:

  • Алдын ала ақпаратты транзиттік декларацияның көшірмесі ретінде пайдалану мүмкіндігі;
  • Тауарлардың өткізу пункітінде өткізілу мерзімін келесі себептермен қысқартылуы:
  • өткізу пункітінде кеден өкіліне жүгіну қажеттілігінің жоқтығы;
  • тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен шығару бойынша кеден органының шешім қабылдауына арналған уақыттың қысқартылуы;
  • Транзиттік декларацияның тіркелуі, шығарылуы және көлік құралының белгіленген жеткізу орнына келгені туралы ақпаратты «Астана-1» ақпараттық жүйесі арқылы алу мүмкіндігі.