Date of publication: 11.09.2018 12:14
Date of changing: 11.09.2018 12:15

      2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 1 бабының 65 тармақшасында тауарлармен электрондық саудасының ұғымы белгіленген.

Тауарлармен электрондық сауда дегеніміз – бұл ғаламтор-дүкендері және ғаламтор-алаңы сияқты ақпараттық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға тауарларды сату бойынша кәсіпкерлік қызмет болып саналады, бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

  • тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
  • тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
  • тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

       Сонымен қатар, Салық кодексінің 1 бабының 29 және 30 тармақшаларында  ғаламтор-алаңы мен ғаламтор-дүкенінің ұғымы берілген.

Салық кодексінің 88 бабының 1 тармағының 10 тармақшасына сәйкес тауарлармен электрондық сауда саласында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде тіркеу есебіне қоюлуға жатады.

        Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілер ретінде тіркеу есебіне қою салықпен салынатын нысандарының және (немесе) салықпен салынатын нысандармен байланысты нысандарының жергілікті орны бойынша мемлекеттік кірістер органдарына қызметтің басталғаны туралы хабарлама негізінде жүзеге асырылады.

         Салық кодексінің 293 бабының 3 тармағына сәйкес тауарлармен электрондық сауда саласында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын Салық кодексінің 302 бабына сәйкес есептелген сомасын 100 пайызға азайтады.

         Осы тармақтың ережелері, оң бағамдық айырма сомасы теріс бағамдық айырма сомасынан асқанын есепке алғанда, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырғандағы кіріс 90 пайызынан кем болмаған жағдайда қолданылады.

Бұл талапты орындамаған жағдайда салық төлеушінің осы аталған баптың ережелерін қолдануға құқысы жоқ.