Date of publication: 05.07.2018 18:21
Date of changing: 05.07.2018 18:28

Ағымдағы жылдың 04 шілдеде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінде Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған  салтанатты шара өтті.

                

          Салтанатты жиын Департамент басшысының орынбасары және жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Аталмыш шара Департамент басшысының орынбасары Рүстем Ғалымжанұлы Рақышевтың  жеке құрамды құттықтауымен ашылды. Мерекелік іс-шараның жалғасы мемлекеттік кірістер органдарына қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер ант қабылдады. Олар өз міндеттерін адал орындауға, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға, заңдылық пен әділдік принциптерін сақтауға ант берді.