Date of publication: 28.06.2018 18:55
Date of changing: 29.06.2018 11:07

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру мақсатында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша тиісті жұмысты атқарып отыр.

Ағымдағы жылдың соңғы екі айында лауазымды қызметкерге жеке тұлғалармен заңсыз материалдық сыйақы беру бойынша 2 фактісіне тосқауыл қойылды.

2018 жылдың мамыр айында ЖК ретінде тіркеуде жоқ екендігі туралы анықтама алу үшін А.есімді азамат өтінішпен Қарасай ауданы бойынша МКБ-на жүгінді.

Мемлекеттік кірістер органының қызметкері А. азаматына осы анықтаманы алу рәсімі туралы кеңестер беріп, өзінің функционалдық міндеттерін жүзеге асыра отырып, аталмыш анықтаманы берді.

Алайда, А.азаматы тарапынан арандату сипаттағы талпыныстар жүзеге асырылды, дәлірек айтқанда, мемлекеттік кірістер қызметкерін хабардар етпей 1000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражат тастап кетуге ниеттенді.

Мемлекеттік кірістер қызметкері А. азаматына тиісті шара қолдану үшін Ішкі қауіпсіздік басқармасына жүгінді. Нәтижесінде, А.азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 676 бабында қарастырылған әуімшілік құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды (жеке тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы ұсынуы). Қарасай аудандық арнаулы әкімшілік сотының шешімімен  А.азаматына 336 700 теңге сомасында айыппұл салынды.

Осыған ұқсас жағдай Алматы облысының Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында да орын алды.

М.азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 676 бабында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды.

Іс Алматы облысының Қарасай аудандық арнаулы әкімшілік сотына  берілді. Қазіргі уақытта істі қарау сатысында.

Естеріңізге саламыз, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшінің қарауынсыз сыйақы берілген және де тиісті міндеттерді атқаруына байланысты алған сыйақы, 7 күндік мерзімде арнаулы мемлекеттік қорына өтеусіз тапсырылады.

Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР ҚК-нің 367 бабына сәйкес лауазымды қызметкерге пара беру қылмыстық жауапкершілікке тартылуы қарастырылған қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылады.

Сонымен бірге, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды қызметкерлерінің құқыққа қайшы әрекеттері туралы ақпаратпен Алматы облысы бойынша МКД-нің Ішкі қауіпсіздік басқармасына келесі телефондары арқылы жүгінуге болатыны туралы хабарлаймыз: 8(727) 389-53-08, 8(727) 251-71-06.