Date of publication: 22.06.2018 10:38
Date of changing: 22.06.2018 10:38

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салықтық және кедендік әкімшілендіру саласындағы заңнаманың өзгерістері бойынша «Ашық есіктер күні» өткізілді.

Бес институционалды реформаның басым бағыттарының бірі болып табылатын мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету шеңберінде, 21 маусымда салықтық және кедендік әкімшілендіру саласындағы заңнаманың өзгерістері бойынша «Ашық есіктер күнін» Акциясы өткізілді.

Акцияға облысымыздың 30-дан астам тұрғыны қатысты. Салықтарды есептеу, салық есептілік нысандарын дұрыс толтыруы, МӘМС аударымдары бойынша, тіркелу бойынша, жұмыстан босатылғанда қолданылмаған демалыс күндеріне төленетін компенсация бойынша, ҚҚС сомасын есепке алу, ЭШФ, АСР бойынша, жер салығының ставкалары бойынша  сұрақтар түсті.

Бұл акцияға Талдықорғандық политтехникалық колледжінің студенттері де қатысты. Келешек мамандарды салық салу мен өзінің жеке меншік бизнес ашу бойынша мәселелері толғандырды. Барлық қойылған сұрақтарға толыққанды түсіндіру жауаптары берілді.   

Акция аймақтық «Жетісу» телеарнасында айқындалды.