Date of publication: 19.04.2018 09:42
Date of changing: 19.04.2018 10:09

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Достық» кедені «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

 

Индекс 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық ауылы, Теміржолшылар көшесі, 45-ғимарат, тел./факс: (872833) 32037, электрондық пошта: b.bilisbekov@kgd.gov.kz., a.nazarbaeva@kgd.gov.kz.,  БСН: 990840000667

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан  кешіктірілмей береді.

    Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Кандидаттармен әңгімелесу келесі мекен жайда  өтеді: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық ауылы, Теміржолшылар көшесі, 45-ғимарат, 2-қабат, мәжіліс залы.

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушығабағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде
мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы
лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттіклауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штаткестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарданемесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшіліклауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттіклауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатымәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалықмаңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатыныңдепутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83282

112431

  1. Персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс             № ПЖБ-04-4, 1-бірлік тұрақты

Лауазымдық міндеттері: Кадр құрамына талдау жүргізу, кадрларға қажеттіліктерді жоспарлау, жаңа лауазымдар мен мамандардың қажеттілігіне байланысты штат кестесіне өзгерістер енгізу туралы басшылыққа ұсыныстар дайындау, Кеденнің лауазымды тұлғаларын және қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату, еңбек демалысын беру бойынша жұмысты ұйымдастыру, Кадр құрамы бойынша ic-қағаздарын жүргізу (аударма жұмыстары), Кеден персоналының еңбек тәртібінің талаптарын сақтауына бақылау, қажет болған кезде кінәлілерді тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда консультация беру. Кеденнің мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру әдістерінің нысандарын жетілдіруге бақылау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда және құрылымдық бөлімдерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету; Кеденде мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнаманың талаптарын іске асыру мәселелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды әзірлеу; азаматтардың және Кеденнің құрылымдық бөлімшелердің өтініштерін, Бөлім басшысының тапсырмаларын қарау; Кеденнің және құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қызметтік тергеулерді және тексерулерді жүргізу; Салық құпиясының сақталуын қамтамасыз ету; іс қағаздарын жүргізу және бекітілген міндеттер шеңбері бойынша құжаттардың, қатаң есептілік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз ету.

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар:        Білімі жоғары –  экономика және құқық немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе білім саласында. 

  1. Тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімі бас маманы, С-О-5 санаты, индекс № ТЖББ-10-4, 1-бірлік тұрақты

Лауазымдық міндеттері: «ҚР ҚМ КБК ЖБО кедендік транзиттік жүйесін» қолдану, ТЖБАЖ-да кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау;  жеткізілмеген тауарларды іздестіру;  кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сертификаттарын тіркеу, беру және өтеу;  тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды және уақытша сақтау мерзімдерін бақылау, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды тіркеу;  уақытша сақтау орындарында электронды пломбаларды алу;  ХЖТ кітапшасын қолдана отырып, жүктерді халықаралық тасымалдау жөніндегі 1975 жылғы Кеден конвенциясына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру, ХЖТ кітапшаларын ашу және жабу, келгені туралы куәліктер беру, Safe TIR жүйесін пайдалана отырып, ХЖТ кітапшаларын жабу туралы ақпарат беру, тасымалдаушыларға ХЖТ рәсіміне рұқсат беру;  тауарларды әкетуді (экспорт, кері экспорт) көздейтін кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлардың іс жүзінде әкетілуін бақылау; СЭҚ-қа қатысушыларға іс жүзінде әкету туралы белгілері бар тауарларға арналған декларацияларды беру, салық органдарына тауарлардың іс жүзінде әкетілуі туралы ақпаратты жіберу;  тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді ұйымдастыру; кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдануды бақылау.

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – экономика және құқық,

  1. Тауар номенклатурасы және кедендік құн  бөлімі бас маман, С-О-5 санаты, индекс № ТНжКҚБ-12-2, 1-бірлік уақытша, 2019 жылдың 12 қазанына дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде.

Лауазымдық міндеттері: Тауарлардың кедендік құн деңгейін бақылау,  тауарларды дұрыс жіктеу,  тауарлардың шығарылған елін айқындау және кедендік баж ставкаларының деңгейін қолдану, жеңілдіктер мен тарифтік преференцияларды ұсынудың заңдылығы бөлігінде тауарлардың кедендік декларациялауын мониторингтеу, Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың республикалық бюджетке уақытылы және толық енгізілуін қамтамасыз ету; бекітілген болжам тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету; кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс төленуін бақылауды жүзеге асыру; Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсім пұлдың түсуін есепке алады; кедендік төлемдерді, салықтарды және өсім пұлды төлеу бойынша жеке шоттардың жүргізілуін бақылау; төлем карточкалары арқылы төленген кедендік төлемдердің, салықтардың және өсім пұлдың түсуін бақылау; ақшаны уақытша орналастыру шоттарында және кедендік баждардың, салықтардың және өсім пұлдардың төленуін қамтамасыз етудің өзге де шараларын есепке алу және бақылау; кедендік төлемдер, салықтар және өсім пұл бойынша берешек сомасының төленуін, өтелуін және өндіріп алынуын есепке алу және бақылау; кеден ісі саласында ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізу; кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілермен көзделген мемлекеттік органдарға есептік деректерді және басқа да құжаттарды дайындау.

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – экономика және құқық.

  1. Мемлекеттік құпиялар қорғау бөлімі бас маманы, С-О-5 санаты, индекс № МҚҚБ-13-2, 1-бірлік тұрақты

Лауазымдық міндеттері: Құпия жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуде құпиялық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; құпиялық іс жүргізу, Кеден қызметкерлеріне мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді ресімдеу үшін материалдарды дайындау; мемлекеттік құпиялардың техникалық қорғалуын ұйымдастыру; құпиялық жұмыстар мен құжаттарға рұқсат берілген Кеден қызметкерлерімен нұсаулық жүргізу.

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – экономика және құқық.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 
_____________________

_____________________
(мемлекеттік орган)   

                                                        

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
          Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

          Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
__________________________________________________________________

 

 

___________                               ______________________________
  қолы                                                                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.