Date of publication: 16.03.2018 15:47
Date of changing: 16.03.2018 15:51

Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі құқық қорғау органдары жүйесін жаңғырту және құқық билігі саласындағы реформаларды жүзеге асыру бойынша бағдарламалық тапсырмаларды орындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен бұдан бұрын «Қоғамға азапсыз» - атты жоба аясында бірқатар жұмыстарды қолға алып отыр. Оның бірі айыпталушы мен ұсталған және күзетпен ұсталған тұлғаларды тергеу үшін бөлек «ашық» және бақылай алатын бөлмелері жұмыс істеуін айтуға болады.

        Аталған талаптын аясында қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын сақтау, күзетпен ұсталған тұлғаларға, күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты тергеуге дейінгі тергеп-тексеру жүргізудің заңсыз әдістерін қолдану фаткілерінің болдырмауы мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметінің жұмысында басымдылықтың бірі болып табылады.