Date of publication: 17.02.2018 11:51
Date of changing: 17.02.2018 11:59

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін

осы мемлекеттік органда  ішкі конкурс жариялайды (19.02.2018-21.02.2018 қоса есептегенде)

 

        Индекс 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: sh.musabaeva@kgd.gov.kz, shmusabaeva@taxalmaty.mgd.kz, БСН 141140000549,

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

            Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

         Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

       Әңгімелесуге жіберілген және оң нәтиже алған кандидаттар тізімі Alm.kgd.gov.kz сайтында жарияланады (департамент туралы-кадрлық қамтамасыз ету)

С-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

                      8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-3

123257

166564

 

1. Алтынкөл» кеден бекетінің басшысы, 1 бірлік, C-О-3 санаты, №Алтынкөл КБҚ-1

Қызметтік міндеттері: Кеден бекетінің қызметін толық басқарады; Департаменттің және Комитеттің бұйрықтары, өкімдері мен нұсқауларын орындау бойынша бақылау жүргізеді. Қызметкерлерінен еңбек тәртібін, кедендік рәсімдеу мен бақылаудың заңдылығын сақтауды талап етеді. Кеден бекетінің ағымдағы жоспарларын ұйымдастырады және келісімге ұсынады. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын ұстануды талап етеді.Кедендік істі асыру барысында азаматтардың және ұйымдардың өкілеті мен заңды құқықтарын орындауды бақылайды. Кеден бекеті лауазымды тұлғаларының функционалдық міндеттерін бөледі; кадрлік-тәрбие жұмысын жүргізу, тәртіптік жаза, мадақтау және кадрлік іріктеу шараларын қолдану туралы Департамент басшысына ұсыным береді. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Лауазымды тұлғаларымен қауіпсіздік техникасын ұстануды, еңбек қорғау, сондай-ақ кеден бекеттің қызметі үшін керекті жағдайларды қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына және кеден бекеті туралы Ережеге сәйкес басқа да өкілеттіліктерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық, экономикалық білім.

 

 

 

 

 

2.Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы, 1 бірлік, С-О-3 санаты, №ЖСӘБ-1

Қызметтік міндеттері: Басқарманың жұмысын бақылау және ұйымдастыру. Салық заңдылықтарын дұрыс және біркелкі қолдану мәселелерін түсіндіру, хаттар, арыздар мен шағымдарды дұрыс және сапалы қарау жұмыстарын қамтамасыз ету. Қызметкерлерге берілген құжаттардың орындалу барысын бақылайды, олардың уақытылы орындалуына жауапты. ҚР ҚМ, ҚР ҚМСК-нің бұйрықтары мен тапсырмалардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Басқарма қызметкерлерін тағайындау, орнын ауыстыру және босату жөнінде басшы немесе жетекшілік ететін басшының орынбасарына ұсыныс дайындайды. Басқарма жұмысына бақылау жүргізеді.  Импортталатын тауарларға ҚҚС–ын төлеу мерзіміне өзгерістер енгізудің заңдылығын бақылау. Импорт бойынша салық декларацияларын қабылдау, импорттық тауарлар әкелімі туралы өтініштерді қабылдау. Импорт және экспорт бойынша статистикалық декларацияларды қабылдануын бақылау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық, экономикалық білім.

 

                 С-О-4**** мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

          Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

      7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы;**

      9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109 932

148242

    

3. «Алтынкөл» кеден бекетінің басшысының орынбасары, 1 бірлік, C-О-4 санаты, №Алтынколь КБҚ-1-1-1

Қызметтік міндеттері: Кеден бекетінің қызметін толық басқарады; Департаменттің және Комитеттің бұйрықтары, өкімдері мен нұсқауларын орындау бойынша бақылау жүргізеді. Қызметкерлерінен еңбек тәртібін, кедендік рәсімдеу мен бақылаудың заңдылығын сақтауды талап етеді. Кеден бекетінің ағымдағы жоспарларын ұйымдастырады және келісімге ұсынады. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын ұстануды талап етеді.Кедендік істі асыру барысында азаматтардың және ұйымдардың өкілеті мен заңды құқықтарын орындауды бақылайды. Кеден бекеті лауазымды тұлғаларының функционалдық міндеттерін бөледі; кадрлік-тәрбие жұмысын жүргізу, тәртіптік жаза, мадақтау және кадрлік іріктеу шараларын қолдану туралы Департамент басшысына ұсыным береді. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Лауазымды тұлғаларымен қауіпсіздік техникасын ұстануды, еңбек қорғау, сондай-ақ кеден бекеттің қызметі үшін керекті жағдайларды қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына және кеден бекеті туралы Ережеге сәйкес басқа да өкілеттіліктерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық, экономикалық білім

 

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

     Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83 282

112 431

 

 

4.Аудит басқармасы  №2 аудит бөлімінің  бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту мерзіміне 02.11.2019 жылға дейін), С-О-5 санаты,  1бірлік, №АБ 2-2-1.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім

Қызметтік міндеттері: Салықтық тексерулер жүргізу: құжаттық, рейдтік, хронометраждық зерттеу. Техникалық сабақ жоспарын жасау және сабақ өткізу. Салық есебін жүргізу, қолданыстағы Жарлықтар мен ережелерді, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың кірісіне салық салу мәселелері бойынша нұсқаулықты дұрыс қолдануды бақылау және ұйымдастыру. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 

5. Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту мерзіміне 27.06.2020 жылға дейін), 1 бірлік, С-О-5 санаты, № ҰҚБ 1-2-1

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.      Қызметтік міндеттері: Бухгалтерлік және шаруашылық операцияларын уақытыл  бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіп, бухгалтерлік есепті құрастырып, мәлімет,жедел ақпараттарды құрастыру, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы мен дұрыстығына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгертулер есебінде бекітілген шығыс бойынша мақсатты пайдалануға, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау. Материалдар мен құрал-жабдықтарға, кеңсе тауарларына, бланк өнімдеріне бақылау жасау.  Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу жұмысын жүзеге асыру. Қаржыландыру жоспарының міндеттемелері мен төлемдерінің есеп-қисап беру кезеңіне сай бюджет қаржысының шығысының орындалуын қадағалау.  Мемлекеттік сатып алынатын тауарлар,жұмыс және қызметтің көлемі мен номенклатурасын қалыптастыру. Мемлекеттік сатып алу процессін үйлестіріп, талдап, болжауды жүзеге асыру. Тауарды жеткізуге, жұмыс пен қызмет көрсетуге  кәсіпорындар және ұйымдармен келісім-шарт жасау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 

 6.«Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы, 2 бірлік,  C-О-5 санаты, №Алтынкөл КБҚ 1-2-1, №Алтынкөл КБҚ 1-2-2.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

Қызметтік міндеттері: Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізеді. Кедендік рәсімдерге қойылған тауарларды орналастыру шарттарын орындауды бақылайды. Техникалық реттеу және тарифтік есем реттеу, экспорттық және валюталық, СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың сыныпталуын, тауарлардың шыққан елін анықтау дұрыстығын бақылайды және тарифтік префиренцияларды ұсынады. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі қолданылатын шараларды орындайды. Кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелуін, сондай-ақ оларды төлеу бойынша мерзімін ұзартуын немесе жеңілдіктер ұсынуын, көлік құралдары мен тауарлардың уақытша сақтау мерзімін және кедендік декларацияны тапсыру мерзімін қадағалауды жүзеге асырады. Кедендік транзиттің рәсімдеуін қадағалау. ҚР ҚМ КБК ОӘО (ЦОУ) КТЖ (ТТС) кедендік транзиттік жүйені және ТЖБАЖ (АСКДТ) тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолданады. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, мобильді инспекциялық-тексеру кешенін қолдана отырып, тауарлар мен көлік құралдарын алдын ала шығырып салуына, сондай-ақ кедендік Одақтың кеден шекарасы арқылы өтетін жеке және заңды тұлғалардың кедендік кіріс ордерін пайдалану арқылы тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау жүргізеді. Мәлімденген тауарладың кедендік құнын түзейді.

 

7. «Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту мерзіміне 25.03.2019 жылға дейін), 1 бірлік, C-О-5 санаты, №Алтынкөл КБҚ 1-2-3.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

Қызметтік міндеттері: Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізеді. Кедендік рәсімдерге қойылған тауарларды орналастыру шарттарын орындауды бақылайды. Техникалық реттеу және тарифтік есем реттеу, экспорттық және валюталық, СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың сыныпталуын, тауарлардың шыққан елін анықтау дұрыстығын бақылайды және тарифтік префиренцияларды ұсынады. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі қолданылатын шараларды орындайды. Кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелуін, сондай-ақ оларды төлеу бойынша мерзімін ұзартуын немесе жеңілдіктер ұсынуын, көлік құралдары мен тауарлардың уақытша сақтау мерзімін және кедендік декларацияны тапсыру мерзімін қадағалауды жүзеге асырады. Кедендік транзиттің рәсімдеуін қадағалау. ҚР ҚМ КБК ОӘО (ЦОУ) КТЖ (ТТС) кедендік транзиттік жүйені және ТЖБАЖ (АСКДТ) тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолданады. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, мобильді инспекциялық-тексеру кешенін қолдана отырып, тауарлар мен көлік құралдарын алдын ала шығырып салуына, сондай-ақ кедендік Одақтың кеден шекарасы арқылы өтетін жеке және заңды тұлғалардың кедендік кіріс ордерін пайдалану арқылы тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау жүргізеді. Мәлімденген тауарладың кедендік құнын түзейді.

 

8. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы,  C-О-5 санаты, 1 бірлік, ЖСӘБ 2-2-1

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

Қызметтік міндеттері: Есеп – бақылау маркаларын, акциздік маркалар,  жекелеген түрлеріне  ілеспе жүкқұжаттарын  дұрыс пайдалану мен қозғалысын бақылау.Акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымын анықтау мен тоқтату жөніндегі бақылау шараларын жүргізу.Салық заңдылықтарын қолдану жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізеді, салық төлеушілердің хаттарын қарайды.  Облыс көлеміндегі Мұнай өнімдерінің өндірілуіне, айналымына және әкелінуіне бақылау жасайды.Мұнай және акцизделетін өнімдердің өндірілуіне, айналымына бақылау жасайды. Этил спирті мен алкогольді өнімдерінің өндірілуіне байланысты лицензиялар беруді қадағалайды. Акцизделетін мұнай өнімдерінің  заңсыз айналымын анықтау мен тоқтату жөніндегі бақылау шараларын жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
 

Нысан

________________________
 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

     

Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

     

Мекен- жайы және байланыс телефоны

 __________________________________________________________________________________                     

_______________ _____________________
  (қолы)                                                  (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.