Date of publication: 20.07.2017 12:48
Date of changing: 20.07.2017 12:49

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

2017 жылдың 1 мамыр мен 30 қараша айлар аралығында Республикалық деңгейде «Чек талап ет-жүлде ұтып ал!» акциясы өткізілуде.

Акцияға қатысу үшін «Play market» немесе «APP Store» қосымшалары арқылы «Wipon» мобилді қосымшасын  орнатып, сол арқылы тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберу керек.

Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталады. Ай сайын, бірінші ұш жеңімпаз облыс деңгейінде бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бас финал жылдың аяғында Астана қаласында Мемлекеттік кірістер комитетінде өткізіледі. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.