Date of publication: 23.06.2017 10:55
Date of changing: 23.06.2017 11:00

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік органда ішкі конкурс жариялайды (26.06.2017-28.06.2017 қоса есептегенде)

БСН 141140000549, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: sh.musabaeva@kgd.gov.kz, shmusabaeva@taxalmaty.mgd.kz,  g.beisekbay@kgd.gov.kz

 

  Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

            Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілген және оң нәтиже алған кандидаттар тізімі Alm.kgd.gov.kz сайтында жарияланады (департамент туралы-кадрлық қамтамасыз ету)

 

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1.мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  1. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  2. В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  3. мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  4. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы.**

 

                        Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83282

112431

         1.Пост-кедендік бақылау басқармасының кедендік камералдық тексеру жүргізу бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, №АБ 6-2-4

Қызметтік міндеттері: Кедендік тексерулер жүргізу. Кіргізілген, шығарылған товарды тексеру.  Құжаттық, рейдтік, хронометраждық тексерулер.  Ақпараттарды жинақтау, баяндама, хаттарға шолу жасау. 2Н-есептілігін қабылдау, салықтық тексерулердің сапасын бақылау, кезектен тыс  салықтық тексерулердің қорытындысын талдау. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

      

2. Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын бақылау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту мерзіміне 07.06.2019 жылға дейін), 1 бірлік, С-О-5 санаты, №МКҚБ-1-2-9

Қызметтік міндеттері: Тексеру актілерінің ескертпелері  бойынша салық төлеушілердің шағымын қарау. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салық заңдылықтарын насихаттау жұмысын жүргізу.Салық тексерулері бойынша апелляциялық шағымдарды қарау, салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету.  Техникалық сабақтың жоспары мен көпшілік-түсіндірме жұмысы бойынша есептілік дайындау.Салық заңдылықтарын дұрыс және біркелкі қолдану мәселелерін түсіндіру, хаттар, арыздар мен шағымдарды дұрыс және сапалы қарау жұмыстарын қамтамасыз ету. Салық заңдылықтарын қолдану бойынша салық төлеушілермен түсініктеме жұмыстарын жүргізеді.Салық төлеушілердің салық заңдылықтарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық салық салу мәселелері бойынша ҚР ҚМСК-нің жүргізетін салықтық тексерулеріне қатысу. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша заңды және жеке тұлғалардың келіспеушіліктері мен талаптарын қарау жұмысына қатысу. ҚР резидент еместердің салық төлеуден бұлтаруына жол бермеу жұмыстарын жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу.Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

 

3. Заң басқармасының бас маманы,  С-О-5 санаты, 1 бірлік,  ЗБ 1-2-10

 Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік кіріс  департаменті  мен оның құрылымдық бөлімшелерінде салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету, Мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін заңды қорғау. Салық төлеушілердің хаттары мен шағымдарын қараумен айналысады. Сот процестерінде Мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін қорғауға қатысады. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  құқықтық білім

 

4. «Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы, 5 бірлік,  C-О-5 санаты, №Алтынкөл КБ 3-2-215

Қызметтік міндеттері: Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізеді. Кедендік рәсімдерге қойылған тауарларды орналастыру шарттарын орындауды бақылайды. Техникалық реттеу және тарифтік есем реттеу, экспорттық және валюталық, СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың сыныпталуын, тауарлардың шыққан елін анықтау дұрыстығын бақылайды және тарифтік префиренцияларды ұсынады. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі қолданылатын шараларды орындайды. Кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелуін, сондай-ақ оларды төлеу бойынша мерзімін ұзартуын немесе жеңілдіктер ұсынуын, көлік құралдары мен тауарлардың уақытша сақтау мерзімін және кедендік декларацияны тапсыру мерзімін қадағалауды жүзеге асырады. Кедендік транзиттің рәсімдеуін қадағалау. ҚР ҚМ КБК ОӘО (ЦОУ) КТЖ (ТТС) кедендік транзиттік жүйені және ТЖБАЖ (АСКДТ) тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолданады. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, мобильді инспекциялық-тексеру кешенін қолдана отырып, тауарлар мен көлік құралдарын алдын ала шығырып салуына, сондай-ақ кедендік Одақтың кеден шекарасы арқылы өтетін жеке және заңды тұлғалардың кедендік кіріс ордерін пайдалану арқылы тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау жүргізеді. Мәлімденген тауарладың кедендік құнын түзейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары құқық (заңгер, кеден ісі), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит), техникалық ғылым және технологиялар (көлік, көлік техникасы және технология).

5.Ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы, С-О-5  санаты,   1 бірлік, №АТБ 1-2-9

Қызметтік міндеттері: Word, Excel, E- mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс.Ақпараттық жүйелерге бағдарламаларды енгізу, қолдану және қамтамасыз ету. Аумақтық басқармаларының қызметкерлерін ақпараттық жүйені пайдаланушы ретінде оқытуды ұйымдастыру. Салық есептілігі нысандарын ҚР ТАСЖ (ИНИС РК), СЕӨЖ (СОНО), ОБЖШ АЖ (ЦУЛС) ақпараттық жүйелерді енгізу мен қолдануды бақылау. ҚР ТАСЖ (ИНИС РК) жүйесін енгізу мен қолдануды бақылау. Электронды пошта және электронды пошта жүйесіне әкімшілік  жүргізуді бақылау. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің  жергілікті компьютерлік байланыс жүйесінің және есептеуіш техникасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Департамент пен аумақтық  басқармаларының  сервер жұмысын бақылау. Бағдарлама құра білу, есептеу құралдары мен оргтехникаға қызмет көрсету. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу. Ағылшынның техникалық тілін білу.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық, техникалық  жоғары білімі. 

 

6. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының Үшінші елдердің және Кеден одағының импортын әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, № ЖСӘБ 1-2-4            

Қызметтік міндеттері: Импортталатын тауарларға ҚҚС–ын төлеу мерзіміне өзгерістер енгізудің заңдылығын бақылау. Импорт бойынша салық декларацияларын қабылдау, импорттық тауарлар әкелімі туралы өтініштерді қабылдау. Импорт және экспорт бойынша статистикалық декларацияларды қабылдау.  ҚҚС қайтарудың әкімшілігін жүргізу, өндіріп алу, түсуі мен заңдылығын бақылау. Импортталатын тауарларға ҚҚС–ын төлеу мерзіміне өзгерістер енгізудің заңдылығын бақылау. Салық заңдылықтарын қолдану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, салық төлеушілердің хаттарын қарайды. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау.Салықтық тексерулер жүргізу: құжаттық оның ішінде тақырыптық және қарсы тексеру. Техникалық сабақ жоспары бойынша сабақ өткізу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

 

7. Тарифтік реттеу басқармасы  Кедендік кұн бөлімінін бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту мерзіміне 26.06.2018 жылға дейін), С-О-5 санаты, 1 бірлік, №ТНКҚБ 1 -2-4.

Қызметтік міндеттері: Тарифті реттеу шаралары, тауарларды жіктеу жэне кедендік күнды анықтаудың Кеден одағы жэне Қазакстан Республикасының заңнамасына сэйкес дұрыстығына бақылау бойынша әкімшіліктендіруді жүргізу, тауардың кедендік кұнын аныктау, сонымен катар, анықталған әдістің дұрыстығы мен берілген кедендік күнның кұрылысын бақылау; тауарға арналған декларациялардың әкелінген/шығарылатын тауарлар мен көлік кұралдарының кедендік кұн бойынша талдау жүргізу; тауарды жіктеу бойынша алдын-ала шешімдерін, тауарды жіктеу бойынша кеден органының шешімі. КО СЭҚТН коды бойынша қорытынды шығарады; белгіленген нысанда есеп беру. Бөлімнің күзіретіне кіретін сұрақтар бойынша СЭҚ катысушыларының өтініштерін уакытысында және объективті каралу жұмысын іске асырады; кедендік
төлемдер мен салықтар бойынша есептердің Салыстыру актісін тексеру, сондай-ақ  сыртқы экономикалык қызметке қатысушылардың өтініштері бойынша Растау беру; Бөлімнің құзыретіне кіретін. сұрақтар бойынша талдау және өзгеде акпараттарды дайындау; кедендік төлемдер мен салыктарды өндіріп алу сұрақтарын ретке келтіретін. кеден заннамалары мен өзгеде нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру; пластикалық төлем карталар құралымен төленген кедендік төлемдер мен салықтардың түсуіне бакылауды жүзеге асыру; депозиттік шоттардан аударылған сомаларды және депозит шоттарының сомалары бойынша жеке шоттар бойынша тартуды жургізу

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық (заңгер, кеден ісі), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит),техникалық ғылымдар және технология. 

 

8. Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, №ТЖБ 1-2-4

Қызметтік міндеттері: Тексеру актілерінің ескертпелері  бойынша салық төлеушілердің шағымын қарау. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салық заңдылықтарын насихаттау жұмысын жүргізу.Салық тексерулері бойынша апелляциялық шағымдарды қарау, салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету.  Техникалық сабақтың жоспары мен көпшілік-түсіндірме жұмысы бойынша есептілік дайындау.Салық заңдылықтарын дұрыс және біркелкі қолдану мәселелерін түсіндіру, хаттар, арыздар мен шағымдарды дұрыс және сапалы қарау жұмыстарын қамтамасыз ету. Салық заңдылықтарын қолдану бойынша салық төлеушілермен түсініктеме жұмыстарын жүргізеді. Салық төлеушілердің салық заңдылықтарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру.ҚР резидент еместердің салық төлеуден бұлтаруына жол бермеу жұмыстарын жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

 

9. Борыштармен жұмыс басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы,  С-О-5 санаты, № БЖБ 1-2-8

Қызметтік міндеттері: Аумақтық мемлекеттік кіріс  басқармаларының   мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің қолдануына және салық берешегін,   МЗЖ және МӘСҚ-на МӘА бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын толық және уақытысында қолдануына бақылау жасау. ҚР ҚМ МКК және басқа мемлекеттік органдарға жолданатын мәлметтерді және есептерді дайындау. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша салық төлеушілердің өтініштерін қарау. Салық заңдылықтарын және басқа да, ҚР заңдылықтарын жақсарту бойынша өзгерту немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар беру. Аумақтық  басқармаларда тақырыптық тексеру жүргізу; тәжірибиелік көмек көрсету үшін,анықталған жерге шығу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
 

Нысан

________________________
 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

     

Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

     

Мекен                                            жайы             және байланыс телефоны _______________________________________________________________________________________________________________                         

_______________ _____________________
  (қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.