Date of publication: 20.06.2017 08:54
Date of changing: 20.06.2017 08:56

ҚР ҚМ  Мемлекеттік  кірістер  комитетінің  Алматы  облысы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  департаментінің  Сарқан  ауданы  бойынша  мемлекеттік  кірістер  басқармасының  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына

орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды (21.06.2017-29.06.2017 қоса есептегенде)

 

БСН 991140001791 индекс 041500, Алматы  облысы, Сарқан  ауданы, Сарқан қаласы,  Тауелсіздік көшесі, 115, анықтама телефоны: 8(72839)2-15-50, факс 2-14-33, электрондық мекенжайы:  Nkurumbaeva@taxalmaty.mgd.kz, n.kurumbaeva@kgd.gov.kz

1.Құқықтық-ұйымдастыру жұмыстары және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің  жетекші  маманы,  C-R-5  санаты, №06-3-1, (1 бірлік)

Қызметтік міндеттері: Салық берешегін күнделікті қадағалау, салық қарызы,міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар  бойынша қарызы бар салық төлеушілерге хабарлама жіберу. Салық қарызы, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар  бойынша қарызы бар салық төлеушілерге салық заңнамасына сәйкес барлық мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану. Салық төлеушiнiң салық  берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу, әрекетсіз салық төлеушілердің тізімін анықтап,экономикалық сотқа құжаттарын жіберуге дайындау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі экономикалық, құқықтық білім

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;    

 Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

   C-R-5

64 960

88 279

 

Құжаттарды қабылдау жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  7 жұмыс күн ішінде, 2017 жылдың 21 маусымнан 2017 жылдың 29 маусымды қоса есептегенде.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен 3-қосымшаға сәйкес

нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына

кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара танужәне баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататынҚазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары,  орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттардықоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беруұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім берусаласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмiтуралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлікқоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қосаберіледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдануаясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім берусаласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды танутуралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болыптіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған

көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткенітуралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат(немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органдажеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан

анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама

(немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Жалпы  конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Құжаттар электронды түрде электрондық почтасы не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы  немесе  нотариалдық  куәландырылған  көшірмелері  әңгімелесу  басталғанға  дейін бір  жұмыс күнінен кешіктірілмей береді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен  сарапшылар  шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені____________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына  орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

______ _________________________________________________

(қолы)              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.