Date of publication: 12.07.2022 11:53
Date of changing: 12.07.2022 11:55

 

Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыру мерзімі

 

2021 жылдан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілуде, ол мемлекеттік қызметшілерден, оларға теңестірілген тұлғалардан, сондай-ақ олардың жұбайларынан (зайыптарынан) басталады.

2022 жылғы 15 қыркүйек – кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) электрондық түрде тапсыру мерзімі.

Декларация қағаз түрінде тапсырылатын болса, 2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірілмей табыс етілуі тиіс.

2022 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің тұлғалары ұсынады, олар 2021 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсынған болатын.

Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz) web-қосымшасы және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы электронды түрде толтырып, тапсыруға болады.

Жеке тұлғалар декларацияны тұрғылықты (тұратын) жері бойынша, ал дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар орналасқан жері бойынша табыс етеді.