Date of publication: 04.07.2022 09:33
Date of changing: 04.07.2022 09:34

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Алакөл" кеден бекетінде жаңа автомобиль өткізу пунктінің құрылыс жұмыстарын бастауға дайындық.

 

2022 жылғы 29 маусымда "Алакөл" кеден бекетінің жаңа автомобиль өткізу пунктінің құрылыс жұмыстары басталды.

Құрылыс жұмыстарының басталуына дайындық және жаңа автомобиль өткізу пунктінің одан әрі құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында "Алакөл" кеден бекетіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Б.О. Слямов, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т. Д. Козбеков және "NUCTECH ENGENIRING"ЖШС құрылыс компаниясының өкілдері келді.

Құрылыс аяқталғаннан кейін автомобиль өткізу пунктінің өткізу қабілеті екі бағытта 1 100 автокөлік құралына ұлғаяды. Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі 18 айды құрайды.