Date of publication: 25.05.2022 09:35
Date of changing: 25.05.2022 09:36

ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі Қонаев қаласы және Іле ауданының мемлекеттік кірістер органдарында болды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Е. Қалиясов Қонаев қаласы  және Іле ауданының мемлекеттік кірістер органдарында болды.

Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қоятынын атап өтті. Әдеп жөніндегі уәкіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, оларға уақтылы ден қою мәселелеріне ерекше назар аударды.