Date of publication: 23.05.2022 17:21
Date of changing: 23.05.2022 17:22

САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУДІҢ НЕГІЗІ.

 

Салық органы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру салықтық тексеру болып табылады.

Салықтық тексерулерді тек қана салық органдары жүзеге асырады.

Салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, үстеме тексеру, хронометраждық зерттеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.

Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер болып табылады;

2) жоспардан тыс салықтық тексерулерді жүзеге асырады.

Салықтық тексеру ұйғарым негізінде жүргізіледі, онда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:

1) нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен нөмірі;

2) нұсқама шығарған салық органының атауы;

3)салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты не толық атауы;;

4) сәйкестендіру нөмірі;

5) тексерудің нысаны мен түрі;

6) Салық кодексіне сәйкес салықтық тексеруді жүргізуге қатысу үшін тартылатын тексеруші тұлғалардың, сондай-ақ мамандардың Тегі, Аты, Әкесінің аты;

7) салықтық тексеру жүргізу мерзімі;

8) хронометраждық зерттеп-тексеруді қоспағанда, тексерілетін кезең қамтылуға тиіс.

Нұсқаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.

Құжаттық салықтық тексеруді жүргізу кезінде салық кодексінің 48-бабының ережелерін ескере отырып, салық кезеңдерін қамту қажет.

Салықтық тексеруді тағайындау және тексерілетін кезеңді айқындау кезінде Мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою күнін және салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер түрлері бойынша бұрын салықтық тексерулер жүргізілмеген салық кезеңдерін ескеру қажет.

Егер құжаттық салықтық тексеруді тағайындау туралы нұсқамада салық кезеңдерінің біреуі бұрын тексерілген тексерілетін кезең көрсетілген жағдайда, онда осы салық кезеңі салықтық тексеруге жатпайды, аталған тексерілген кезең Салық кодексінде көзделген негіздер бойынша қайта тексерілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, бұл туралы салықтық тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.

Нұсқамада тағайындау туралы тақырыптық тексерулер көрсетілуі тиіс:

тексерілетін аумақ учаскесі, тексеру барысында анықтауға жататын мәселелер, салық төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты не толық атауы; сәйкестендіру нөмірі; салықтық тексеру жүргізу мерзімі; тексерілетін кезең.

Хронометраждық зерттеп-қарауды қоспағанда, салықтық тексерулерді тағайындау кезінде нұсқамада тексеру нысанына байланысты тексеруге жататын мәселелер көрсетіледі.

Кешенді тексерулер жүргізу кезінде тексерілетін салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің түрлері нұсқамада көрсетілмейді.

Нұсқама Мемлекеттік кірістер органының фирмалық бланкісінде басып шығарылады және егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық органының бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қоюға тиіс.

Қарсы тексерулерді, сондай-ақ хронометраждық зерттеп-тексеруді жүргізуге арналған нұсқамаға салық органы басшысының орынбасары не оны алмастыратын тұлға қол қоюы мүмкін.

Нұсқама Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкін.

Салық Кодексінің 146-бабында көзделген салықтық тексеру жүргізу мерзімдері ұзартылған немесе тексеру жүргізетін тұлғалардың саны өзгерген немесе ауыстырылған немесе тексерілетін кезең өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресімделеді, онда алдыңғы нұсқаманың тіркелген нөмірі мен күні, тексеру жүргізуге тартылатын адамдардың тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі.

Қосымша нұсқаманың нысанын уәкілетті орган бекітеді.

Мынадай мәселелер бойынша тақырыптық тексерулерді қоспағанда, бір Нұсқама негізінде бір ғана салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін:

- Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне қою;

- бақылау-касса машиналарының болуы;

- төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;

-көліктік бақылау немесе жол полициясы бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауар атауының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі;

-Акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының болуы және олардың төлнұсқалығы, алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға, темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттардың болуы және төлнұсқалығы, лицензияның болуы.

Қарсы салықтық тексерулерді қоспағанда, салықтық тексеруді тағайындау туралы нұсқама салық төлеушінің орналасқан жері бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық органында, оның ішінде тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы қағидаларға сәйкес электрондық түрде тіркеледі.