Date of publication: 05.06.2019 20:39
Date of changing: 06.06.2019 09:26

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті   «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды

(06.06.2019ж.-10.06.2019ж. қоса есептегенде)

        Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282) 24-34-79,  электрондық мекенжайы: Mbibatyrova@taxalmaty.mgd.kz, БСН: 141140000549.

   

           Құжаттарды қабылдау мерзімі:  3 жұмыс күні, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Қажетті құжаттар тізімі:

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

         1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

         2) құжаттарды тапсыру күніне дейін 30 күнтізбелік күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

    Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну кезінде конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды ұсына алады.

Әңгімелесу өткізілетін орны: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешiмiне уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне, немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

       С-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

       жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

       мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

         Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның бағытына сәйкес облыс қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-3

123 171

166 529

        

         1.  Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының  басшысы,                        С-О-3 санаты, 1 бірлік, №МҚКБ-1.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық, экономикалық білім.

Қызметтік міндеттері: Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салық заңдылықтарын насихаттау жұмысын жүргізу.Салық тексерулері бойынша апелляциялық шағымдарды қарау, салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету.Салық заңдылықтарын дұрыс және біркелкі қолдану мәселелерін түсіндіру, хаттар, арыздар мен шағымдарды дұрыс және сапалы қарау жұмыстарын қамтамасыз ету. Салық заңдылықтарын қолдану бойынша салық төлеушілермен түсініктеме жұмыстарын жүргізеді. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша заңды және жеке тұлғалардың келіспеушіліктері мен талаптарын қарау жұмысына қатысу. ҚР резидент еместердің салық төлеуден бұлтаруына жол бермеу жұмыстарын жүргізу.Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

       

С-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

     1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

     2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 2 жылдан кем емес;

     3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;

     4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

     5) мемлекеттік қызмет өтілі 2 жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

     7) ғылыми дәрежесінің болуы;

     8) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

 

                Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның бағытына сәйкес облыс қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109 898

148 301

 

      2. Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық мониторинг басқармасының № 1 камералдық мониторинг бөлімінің  басшысы, С-О-4 санаты, № КМБ 1-1, 1 бірлік.

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық, экономикалық білім.

       Қызметтік міндеттері: Салық заңдылықтарын дұрыс және біркелкі қолдану мәселелерін түсіндіру, хаттар, арыздар мен шағымдарды дұрыс және сапалы қарау жұмыстарын қамтамасыз ету. Салық заңдылықтарын қолдану бойынша салық төлеушілермен түсініктеме жұмыстарын жүргізеді. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша заңды және жеке тұлғалардың келіспеушіліктері мен талаптарын қарау жұмысына қатысу.Камеральдық бақылаулар нәтижелерін өңдеу бойынша жинақтау және талдау. Салық  заңнамасы және салық есептілігі нысандары мәселелері бойынша нұсқамалық материалдарды оқып-үйрену және қолдану бойынша аумақтық салық органдарына практикалық көмек көрсету.Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

      3. Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық мониторинг басқармасының № 3 камералдық мониторинг бөлімінің  басшысы, С-О-4 санаты, № КМБ 3-1, 1 бірлік.

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық, экономикалық білім.

       Қызметтік міндеттері: Салық заңдылықтарын дұрыс және біркелкі қолдану мәселелерін түсіндіру, хаттар, арыздар мен шағымдарды дұрыс және сапалы қарау жұмыстарын қамтамасыз ету. Салық заңдылықтарын қолдану бойынша салық төлеушілермен түсініктеме жұмыстарын жүргізеді. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша заңды және жеке тұлғалардың келіспеушіліктері мен талаптарын қарау жұмысына қатысу.Камеральдық бақылаулар нәтижелерін өңдеу бойынша жинақтау және талдау. Салық  заңнамасы және салық есептілігі нысандары мәселелері бойынша нұсқамалық материалдарды оқып-үйрену және қолдану бойынша аумақтық салық органдарына практикалық көмек көрсету.Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 

4. Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Жанама салықтарды  әкімшілендіру басқармасының Қосылған құн салығын әкімшілендіру бөлімінің  басшысы,  С-О-4 санаты,                                  № ЖСӘБ 1-1,1 бірлік.

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық,  экономикалық білім.

     Қызметтік міндеттері: Өзінің құзыреті шегінде басқарманың жұмысын басқаруды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде ҚР заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес Мемлекеттік қызметті сапалы көрсетілуіне бақылау жасайды. ҚР ҚМ МКК селекторлық кеңесіне және Облыстық МКД өндірістік кеңестеріне ақпараттар мен материалдар дайындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ басқарманың және департаменттің өндірістік мәжілістерінде басшылыққа атқарған жұмыстары туралы есептердің дайындалуын қамтамасыз етеді, қосымша резервтерді ұсыну туралы апта сайынғы есептің ұсынылуын қамтамасыз етеді. ҚР ҚМ МКК, Департамент басшыларына  белгіленген тәртіпте және мерзімінде қарауға берілген және тұрақты тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады. Салық кодексінің баптарының нормаларына және ҚР салық кодексінің қолданысқа енгізу туралы ҚР заңына және басқа қолданыстағы заңнама актілеріне сәйкес Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларациясында көрсетілген талаптар негізінде тақырыптық тексерулер жүргізуді ұйымдастырады. ҚҚС салық әкімшілігін жүргізу тәжірибесін жетілдіреді және ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы қосылған құн салығының  асып кеткен сомасының қайтарылуына бақылауды күшейту жұмыстарын ұйымдастырады.Салық заңдылықтарын дұрыс және біркелкі қолдану мәселелерін түсіндіру бойынша, хаттар, арыздар мен шағымдарды дұрыс және сапалы қарау жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді.

       

       5. Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Ұйымдастыру-қаржы  басқармасының қаржы бөлімінің басшысы,                       С-О-4 санаты,  № ҰҚБ 1-1, 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық білім.

       Қызметтік міндеттері: Бөлім  жұмысын ұйымдастыру және қадағалау.  Белгіленген тәртіппен бекітілген бухгалтерлік есепті уақытында құрастыру. Бухгалтерлік және шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарында уақытылы көрсетіп, дұрыстығына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгертулер есебінде мақсатты пайдалануға, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау. Қаржыландыру балансының есеп айырысу баптарына сәйкес дебиторлық және кредиторлық берешектің жай күйі туралы талдамалы деректердің тоқсандық, жылдық нысандарын құрастырып, ұсынады. Материалдар мен құрал-жабдықтарға, кеңсе тауарларына, бланк өнімдеріне бақылау жасау.Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу жұмысын жүзеге асыру.Өз құзыреті шегінде  заңнаманы түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

       

 

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның бағытына сәйкес облыс қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83 353

112 376

 

6. Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық мониторинг басқармасының № 1 камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, № КМБ 1-2-1.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық, экономикалық білім.

Қызметтік міндеттері: Аумақтық  басқармалардың салық есептілігін қабылдау және өндеу жұмысын қадағалау. Аумақтық басқармаларға ақпараттық жүйелерімен жұмыс жөнінде әдістемелік көмек көрсету. Басқарма  құзыры шегінде аумақтық салық басқармаларының бақылау-экономикалық жұмыс жағдайын тексерулерге қатысу; салық есептілігінің нысандары мен камералдық бақылауларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Камералдық бақылаулар нәтижелерін өңдеу бойынша жинақтау және талдау. Салық  заңнамасы және салық есептілігі нысандары мәселелері бойынша нұсқамалық материалдарды оқып-үйрену және қолдану бойынша аумақтық салық органдарына практикалық көмек көрсету.   Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсыру.

 Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.        

  

      7. Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Камералдық мониторинг басқармасының № 2 камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты,  1 бірлік, № КМБ 2-2-1.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық, экономикалық, кеден ісі білімі.

      Қызметтік міндеттері: Аумақтық басқармалардың салық есептілігін қабылдау және өндеу жұмысын қадағалау. Аумақтық  басқармаларға ақпараттық жүйелерімен жұмыс жөнінде әдістемелік көмек көрсету. Басқарма  құзыры шегінде аумақтық салық басқармаларының бақылау-экономикалық жұмыс жағдайын тексерулерге қатысу; салық есептілігінің нысандары мен камералдық бақылауларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Камералдық бақылаулар нәтижелерін өңдеу бойынша жинақтау және талдау. Салық  заңнамасы және салық есептілігі нысандары мәселелері бойынша нұсқамалық материалдарды оқып-үйрену және қолдану бойынша аумақтық салық органдарына практикалық көмек көрсету.Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсыру. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 

   8. Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  Экспорттық бақылау басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты,            1 бірлік, №ЭББ 1-2-1.

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқықтық,  экономикалық білім.

    Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік шекарасы арқылы экспорттық бақылауға жататын өнімнің өткізілуіне бақылау жасау. Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден  әкелінетін тауарларға қолданылатын  баждардың төмендетілген мөлшерлемелері, сондай-ақ мұндай ставкалар мөлшерінің бұзылмауына, аталған тауарлардың әкетілуіне жол бермеуге бақылауды ұйымдастыру.Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО)   тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету  Импорт/экспорты кезінде ЕАЭО халықаралық келісім-шарт базасы  сәйкес бюджетке ҚҚС толық түсуін қамтамасыз ету.  Импортталатын және экспортталатын тауарларды есепке алу және талдау, Резервті түсімдерді  анықтау  мен  бюджетке төленетін салық және түсімдерді арттыру бойынша ұсыныстар енгізу.  Өз құзыреті шегінде кеден заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсыру. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша

    ____________________________

               ___________________________     

           (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны ____________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________

            

                        _________                                  ______________________________

                             қолы                                               (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.