Жарияланған күні: 21.09.2021 11:50
Өзгертілген күні: 21.09.2021 11:52

Әкімшілік өндірістегі материалдарына шағым жасау тәртібі

 

 

Шағымдар іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасалған органға (лауазымды адамға), сотқа беріледі, ол шағым келіп түскен күннен бастап үш тәулік ішінде оларды жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), тиісті сотқа жіберуге міндетті.

  Іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін адамға ана тілінде немесе өзі білетін тілде шағым беру құқығы қамтамасыз етіледі.

  Жоғары тұрған органға, лауазымды адамға жүгінуге шағымды сотқа жіберу және оны соттың қарауға және мәні бойынша шешім қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.

  Шағымдар жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), оларды қарауға уәкілетті сотқа берілуі мүмкін.

   Шағымдар ауызша және жазбаша болуы мүмкін: 

  • Ауызша шағымдар арыз беруші мен шағымды қабылдаған лауазымды адам қол қоятын хаттамаға енгізіледі. Тиісті лауазымды адамдардың қабылдауында адамдар баяндайтын ауызша шағымдар жалпы негіздерде шешіледі;
  • Жазбаша түрде ұсынылған шағымдармен. Шағым қосымша материалдар қоса берілуі мүмкін.

Егер тиісті әкімшілік–аумақтық бірліктің аумағында олардың соттылығына жатқызылған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот құрылмаса, істерді аудандық (қалалық) соттарға қарауға уәкілеттілік берілген.

 Әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды кері қайтарып алу туралы жазбаша арыз берілген жағдайда судья шағымды қайтару туралы ұйғарым шығарады.

  Шағым беру шағым жасалған іс-әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалған шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.

   Шағым берген тұлға оны кері қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған адам, жәбірленуші, заңды өкілден басқа, өзінің қорғаушысының, адамның мүддесі үшін берілген шағым олардың жазбаша келісімімен ғана кері қайтарып алынуы мүмкін. Шағымды кері қайтарып алу оны қайтадан беруге құқылы болмайды.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салық міндеттемесін немесе тексеру нәтижелері бойынша анықталған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және  міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты шығарылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға наразылық, шағым қаулының көшірмсі  тапсырылған немесе алынған күннен бастап отыз тәулік ішінде берілуі мүмкін.  

   Бұл ретте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс бойынша қаулыға шағым,  наразалық қаулының көшірмесі тапсырылған  күннен бастап он тәулік ішінде ішінде, ал «әкімшілік құқық бұзушылық» Қазақстан Республикасы Кодексінің 744, 745, 746, 747, 748 және 753 – баптарында көрсетілген адамдар істі қарауға қатыспаған жағдайда қаулы алынған күннен бастап беріледі.

 Бұдан басқа, белгіленген мерзімде шағым, наразылық беру әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының, наразылық, шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын тоқтата тұрады.