Жарияланған күні: 08.05.2015 20:16
Өзгертілген күні: 15.05.2015 17:45

№ исх: 315   от: 25.04.2015

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2015 жылғы «     »

№              қаулысымен

бекітілген

 

 

Салық салынатын табысына Салық кодексінің

147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын ауыл шаруашылығы қызметінде пайдаланылатын жеңіл және жүк көлік құралдарына

қажеттілік нормативтері

 

 

Көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын ауыл шаруашылығы қызметінде пайдаланылатын жеңіл және жүк көлік құралдарына қажеттілік нормативтері:

1. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері:

         1) қозғалтқыштың 2500 текше сантиметрге дейінгі көлемін қоса алғанда, бір шаруа немесе фермер қожалығына бір жеңіл автомобильден;

         2) бір шаруа немесе фермер қожалықтарына 1:1 қатынасты сақтай отырып 1000 гектар егістікке (шабындықтарға, жайылымдарға) қозғалтқыштың шектік жиынтық қуаты 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері;

         2. Салық кодексінің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі қолданылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші – заңды тұлғалар:

         1:1 арақатынасын сақтай отырып, 1000 гектар егістікке (шабындықтарға, жайылымдарға) қозғалтқыштың шекті жиынтық қуаты 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері.

         Бұл ретте, егер есептеу қорытындылары бойынша көлік құралдарының саны 0,5 мәнінен бастап жоғары біреуден көп бірлікті құрайтын жағдайларда, мұндай мән тұтас бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды.

          Мынадай жағдайда, егер есептеу қорытындылары бойынша жүк автомобильдерінің саны бір бірліктен кем болған кезде, қозғалтқыштың қуаты барынша төмен  бір жүк автомобилі босатылуға жатқызылады.