Жарияланған күні: 20.12.2021 10:52
Өзгертілген күні: 20.12.2021 11:22

Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі мен қолдану қағидалары

 

 

«Қазақстан Республикасындағы Кеденік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 428-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 84 бұйрығы бекітілді.

Кедендік бақылаудың техникалық құралдары – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғаларды, тауарлар мен көлік құралдарын, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу уақытын қысқарту мен кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларды кедендік бақылау процесінде мемлекеттік кірістер органдары қолданылатын арнайы техникалық құралдар кешені

Кедендік бақылаудың техникалық құралдары мынадай түрлерге бөлінеді:

1) автокөлік құралдарын есептеудің автоматтандырылған жүйесі;

2) аудио және бейнеақпаратты тасымалдаушыларды бақылаудың техникалық құралдары;

3) бірдейлендірудің техникалық құралдары;

4) жедел байланыстың техникалық құралдары;

5) көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдары;

6) көлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін анықтаудың және бейне қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі;

7) радиациялық бақылаудың техникалық құралдары;

8) тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы, оның ішінде бейнелерді өңдеу және талдау жүйесімен;

9) іздестірудің техникалық құралдары.

Кедендік бақылауды жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы кедендік бақылау нысанына және жеке тұлғаларды, тауарлар мен көлік құралдарын өткізу ерекшелігіне қарай кедендік бақылаудың қандай да бір техникалық құралдарын қолдану қажеттілігін айқындайды.

Кедендік қадағалау кезінде кедендік бақылаудың мынадай техникалық құралдары қолданылады:

1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келетін/кететін автокөлік құралдарын мемлекеттік тіркелген нөмірлік белгісі бойынша олардың тіркелуін автоматизациялау жолымен көру және автоматтандырылған бақылау үшін қолданылатын, автокөлік құралдарын есептеудің автоматтандырылған жүйесі.

Автокөлік құралдарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін қолдану нәтижесі бойынша алынған ақпарат Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын қиып өтетін автокөлік құралдарын орталықтандырылған есепке алу үшін байланыс арналары арқылы кеден ісі саласындағы уәкілетті органға беріледі;

2) кедендік бақылау аймағындағы тауарларды, көлік құралдары мен жеке тұлғаларды көзбен қарап бақылау жүргізу үшін қолданылатын көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдары.

Кедендік қарау мен кедендік тексеріп қарау кезінде кедендік бақылаудың мынадай техникалық құралдары қолданылады:

1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы раиоактивті материалдарды заңсыз өткізуді анықтау мақсатында, өткізілетін раиоактивті және бөлінетін материалдарды анықтау, оқшаулау және сәйкестендіруді олардың сандық және сапалық сипаттамаларын өлшеу жолымен, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға, көлік құралдары мен жеке тұлғаларға қатысты қолданылатын радиациялық бақылаудың техникалық құралдары;

2) магнитті тасығыштарға (бобиналарға, пленкаларға, шағын кассеталарға, дискілерге, электрондық-есептеу машиналарының дискеталарына) жазылған аудио ақпарат пен бейне ақпаратты қарап шығу, тыңдау және өшіру үшін осы техникалық ақпарат тасығыштарды кедендік бақылау кезінде қолданылатын аудио және бейне ақпаратты тасығыштарды бақылаудың техникалық құралдары. Аудио және бейне ақпаратты тасығыштарды бақылаудың техникалық құралдары шығарылған фотоүлдірлер мен киноүлбірлерді, слайдтар мен микрофиштерді көзбен қарап бақылауды жүзеге асыру үшін пайдаланылады;

3) мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары түнгі және күндізгі уақытта кедендік бақылау аймағының жедел жағдайын және мемлекеттік кірістер органдары әкімшілік ғимараттарының объектілерін қадағалау үшін кедендік бақылау мақсатында үнемі қолданатын көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдары

4) келесі тауарларды қарауды жүргізу кезінде қолданылатын сәйкестендірудің техникалық құралдары - бағалы тастар мен металдардың сынамаларын, есірткіні, психотропты заттар мен прекурсорларды, жарылғыш заттарды тексеру, қатты, сұйық және ұнтақ түріндегі заттарды, тауарлар мен көлік құралдарының салмақтық мәнін айқындау, уақыт бірлігінде өтетін тауардың көлемін қашықтан өлшеу, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру кезінде озонды ыдыратқыш заттарды анықтау, тексеру, оқу, түсіру үшін, сондай-ақ электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын санкцияланған ашуды бақылау, заттаңбаларды, штрих-коды бар жапсырғыштарды сәйкестендіру.

Сәйкестендірудің техникалық құралдарын қолдана тауарларды сәйкестендіру нәтижелері тереңдетілген зерттеу үшін осы тауарларды сараптамаға жіберу үшін негіз болып табылады;

5) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға алынған ақпаратты байланыс арналары бойынша бере отырып есепке алу және бақылау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтетін автокөлік құралдарына қатысты қолданылатын көлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін айқындау мен бейнебақылаудың автоматтандырылған жүйелері;

6) қол жүгіне, контейнерлерге, көлік құралдарына, почта жөнелтімдеріне және жеке тұлғаларға салынған контрабандалық тауарларды табу мақсатында, көлік құралдарын, контейнерлерді, жолаушылардың алып жүретін және алып жүрмейтін багажын, халықаралық пошта жөнелтімдері мен кішкентай, орташа габаритті және ірі габаритті ыдыстардағы тауарларды, оларды ашпай жүк бөліктері бар көлік құралдарын, сондай-ақ интрузивті емес (байланыссыз) тексеріп қарау әдісімен жеке тұлғаларды көзбен қарап тексеру жолымен кедендік бақылау аймағындағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан өтетін тауарларған, көлік құралдары мен жеке тұлғаларға қатысты қолданылатын, оның ішінде бейнелерді талдау және өңдеу жүйелерімен жарақталған интраскопиялық тексеру техникасы;

7) көлік құралдарын, тауарлардың орамдарын ашусыз, бөлшектеусіз және зерттеу объектісінің тұтастығын бұзбай, тауарлар мен көлік құралдарын тексеріп қарау кезінде қолданылатын іздеу техникалық құралдары.

Іздеу техникалық құралдары болып:

металл детекторлары - қара және түсті металдардан жасалған заттарды анықтауға мүмкіндік беретін электронды құралдар. Мемлекеттік кірістер органдары портативті, тасымалданатын және стационарлық металл детекторларын пайдаланады;

тексеріп қарау айналары - пішіндері мен мөлшері әртүрлі ауыспалы айналардың жиынтығы бар телескоптық ұстағыштар, қол жеткізудің қиын орындарындағы тауарларды, көлік құралдарын тексеріп қарау үшін қолмен ұсталатын жарықтандырғыш аспаптарымен қолданылады;

тексеріп қарау сүңгілері - диаметрлері мен ұзындығы әртүрлі ерекше шыңдалған металл өзектері, тесілетін объектілердің (жұмсақ және картон орамаларының, көлік құралдарындағы отырғыштардың, сусымалы жүктердің) салымдарынан сынамалар алу үшін арнайы нысандағы тесігімен дайындалады;

эндоскоптар - көлік құралдарындағы қол жеткізудің қиын орындарын және түрлі, оның ішінде агрессивті сұйықтықтармен толтырылған ыдыстарды тексеріп қарауға арналған оптикалық аспаптар;

тексеріп қарау шамдары мен лампалар - тәуліктің түнгі уақытында және әлсіз жарықтандырылған үй-жайларды оңтайлы жарықтандыру үшін бағытталған жарықтандырғыш аспаптар. Мемлекеттік кірістер органдары ұтқыр, тасымалданатын және стационарлық шамдар мен лампаларды қолданады;

тығыздықтың өзгеруін айқындау үшін аспаптар - отын бактары, есіктер, көлік құралдарының дөңгелектері, жүк автомобильдері тіркемелерінің қабырғалары сияқты қол жеткізудің қиын орындарындағы бөтен салымдарды анықтау үшін бағытталған аспаптар;

жылу визорлары - өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған бағытталған аспаптар табылады.

Мемлекеттік кірістер органдары кедендік бақылау аймағында жедел байланысты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ далалық жағдайларда жедел байланыстың техникалық құралдарын қолданады.

Интраскопиялық тексеру техникасы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары оны қолдану бойынша арнайы оқу курсын, сондай-ақ рентген сәулелерінің адам, өсімдіктер мен жануарлардың ағзаларына, тірі микроағзалары бар азық-түлікке әсері бойынша оқытудан және радиациялық қауіпсіздік бойынша оқытудан өткеннен кейін қолдануға жатады.

Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамдары өндіруші зауыт қоса берген техникалық деректерге, нұсқаулықтарға сәйкес пайдаланылады.

Интраскопиялық тексеру техникасы оның барлық техникалық мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін, сондай-ақ зауыттың нұсқаулығына немесе техникалық ерекшелігіне сәйкес техникалық қауіпсіздік ережесі мен радиациялық қауіпсіздікті сақтай отырып қолданылады.

Іздеудің техникалық құралдары тауарлар мен көлік құралдарына механикалық зақым келтірмей техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып қолданылады.