
Камералдық кедендік тексеруді жүргізу тәртібі
Камералдық кедендік тексеру "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" кодекстің 417-бабының негізінде, кедендік декларацияларда және (немесе) коммерциялық, көліктік (тасымалдау) және тексерілетін тұлға кедендік операцияларды жасау кезінде және (немесе) кеден органдарының талабы бойынша ұсынған өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерді, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құжаттары мен мәліметтерін, сондай-ақ кеден органдарында бар және тексерілетін тұлғаға қатысты басқа да құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша зерделеу
- Камералдық кедендік тексеру тексерілетін тұлғаға бармай, сондай-ақ камералдық кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімді (нұсқаманы) ресімдемей, кеден органының орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Кеден органы тексерілетін тұлғаны камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабардар етеді.
Бұл ретте, осы хабарлама шеңберінде тексерілетін тұлғаға 5-тармаққа сәйкес құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талапты жіберуге құқылы.
Хабарлама жіберілген күн камералдық кедендік тексеру жүргізудің басталу күні болып есептеледі.
3-1-тармақта көзделген жағдайларда, камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама және құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талап тексерілетін тұлғаға жіберілмейді.
Камералдық кедендік тексерулер жүргізу үшін негіздер
кеден және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының ақпараттық ресурстарында қамтылған ақпаратты талдау нәтижесінде алынған және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуы туралы куәландыратын деректер;
тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері;
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын бұзу мүмкіндігін куәландыратын ақпарат;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің құзыретті органының тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты мәмілелерді жасаған тұлғаға шетелдік тұлғамен тексеру жүргізу туралы өтініші (сұрау салуы), сондай-ақ шет мемлекеттердің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесінде алынған деректер;
адамның камералдық кедендік тексеру жүргізу туралы бастамашылық өтініші;
салықтық бақылауды, кедендік бақылауды өзге де нысандарда жүргізу және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының ықтимал бұзылуы туралы куәландыратын кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды қолдану нәтижелері, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамау;
кеден органдарының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы кедендік тексеру барысында түспеген жауап алу жағдайлары;
тексерілетін тұлғаны қайта ұйымдастыруға және (немесе) тексерілетін тұлғаның банкроттыққа (таратуға) құжаттар беруіне.
Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша камералдық кедендік тексеру (F іске қосу)
шақыру тексерілетін тұлғаға анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы қоса беріле отырып, бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберіледі немесе тапсырылады
Хабарлама тексерілетін тұлғаға кедендік декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және (немесе) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу арқылы анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру мақсатында жіберіледі немесе беріледі.
*Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 1024 бұйрығы "тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлар әкелуді жүзеге асыратын салық төлеушілерді әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы"
Бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы болып танылады:
1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда – бұзушылықтарды жою туралы хабарламада қамтылған анықталған бұзушылықтарды кедендік декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және (немесе) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу арқылы жою;
2) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда – тексерілетін тұлғаның растайтын құжаттарды, оның ішінде кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтар бойынша түсіндірмені электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде ұсынуы негіз болып табылады.
Кеден органы камералдық кедендік тексеру жүргізу барысында тексерілетін тұлғаға осы кодекстің 426-бабында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талапты уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жібереді.
Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімі талап тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде кеден органы кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсыну мерзімін тексерілетін тұлғаның дәлелді өтінішін негізге ала отырып, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күнге дейін ұзартуы мүмкін.
Камералдық кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігін шектеусіз жүргізіледі
Мерзім тексерілетін тұлғаға хабарлама жіберілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.
Көрсетілген мерзімге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талаптарды, камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін, сұрау салуларды Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына, Екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, өзге де ұйымдарға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарына жіберу күні мен құжаттарды және (немесе) мәліметтерді алу күні, камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық.
Осы баптың 9-тармағында көзделген камералдық кедендік тексеру актісі жасалғанға дейін кеден органы тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 416-бабында белгіленген тәртіппен камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жібереді немесе тапсырады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісі деп кеден органы жасаған камералдық кедендік тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат түсініледі.
Тиісті камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.
Бұл ретте тексерілетін тұлға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуға құқылы.
Тексерілетін тұлғаға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе тапсыру, тексерілетін тұлғаның камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ мұндай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
Камералдық кедендік тексерудің нәтижелері бойынша камералдық кедендік тексерудің аяқталу нысаны болып табылатын камералдық кедендік тексеру актісі жасалады. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылады.