
Әдеп кодексінің нормаларын сақтау
Мемлекеттік қызмет өткерудің жағдайлары, оның ішінде мансаптық өсу перспективалары, жеке тұлғаның дамуы, сондай – ақ адами ресурстарды басқару саясаты-мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлқының жоғары стандарттарын белгілеуге ықпал ететін орта құруға сәйкес келуге тиіс.
Сондықтан, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының келесі стандарттарын анықтайды:
- жалпы стандарттары,
- қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық,
- қызметтік қатынастардағы мінез-құлық,
- көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеу стандарттары.
Осылайша, мемлекеттік қызметшілер мінез-құлықтың жалпы стандарттарын сақтай отырып:
- адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
- өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
- мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
- өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
- қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;
- жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге тиіс.
Этикалық кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Алматы облысы бойынша МКД
Әдеп жөніндегі уәкілі Н.А.Баймулдинов