Жарияланған күні: 09.08.2022 15:24
Өзгертілген күні: 09.08.2022 15:25

АНДАТПА

 

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!

 

Сіздерді "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Заң жобасының негізгі ережелерін талқылау бойынша өтетін кездесуге қатысуға шақырамыз.

 

Конференцияны өткізу уақыты:

18 тамыз сағат 10:00-де, Талдықорған қаласы, 8 шағын аудан, Астана даңғылы; 2А, (Алматы  облысы ҰҚП «Атамекен» ғимаратында) мекенжайы бойынша;

 

Іс-шарада Заң жобасын әзірлеуге қатысатын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері сөз сөйлейді. Сіздің тікелей қарым-қатынас форматында жобаның негізгі ережелері туралы білуге, жеке тұлғаның банкроттығы туралы көкейіңіздегі сұрақтарды қоюға мүмкіндігіңіз болады.