
АНДАТПА
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!
Сіздерді "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Заң жобасының негізгі ережелерін талқылау бойынша өтетін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Конференцияны өткізу уақыты:
18 тамыз сағат 10:00-де, Талдықорған қаласы, 8 шағын аудан, Астана даңғылы; 2А, (Алматы облысы ҰҚП «Атамекен» ғимаратында) мекенжайы бойынша;
Іс-шарада Заң жобасын әзірлеуге қатысатын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері сөз сөйлейді. Сіздің тікелей қарым-қатынас форматында жобаның негізгі ережелері туралы білуге, жеке тұлғаның банкроттығы туралы көкейіңіздегі сұрақтарды қоюға мүмкіндігіңіз болады.