Жарияланған күні: 14.09.2018 17:08
Өзгертілген күні: 14.09.2018 17:11

Талдықорған қаласы бойынша  мемлекеттік  кірістер  басқармасы  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы  мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды (17.09.-19.09.2018 ж қоса есептегенде)

      040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 111, анықтама телефоны: (87282) 24-62-21, факс 24-51-67, электрондық мекенжайы: Dnaimanhanova@taxalmaty.mgd.kz, БСН 090440000545

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы       жарияланған күннің келесі күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

 Әңгiмелесу өткiзудiң орны: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 111 үй.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі Alm.kgd.gov.kz сайтында жарияланады (департамент туралы-кадрлық қамтамасыз ету) және Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ғимаратының ақпараттық стендтерінде ілінеді.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы: 

Конкурстық комиссия жұмысының ашық және объективті өтуін қамтамасыз ету үшін, оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Талдықорған қаласы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер  басқармасында тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілі екендігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.  Басшының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған басқарманың қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес, облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда, олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.  

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4

73 288

99 106

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

  1. Жеке кәсіпкерлердің  және заңды тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, (№03-2-7) - 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Құжаттарды Тұтастандырылған салықтың ақпараттық жүйесі, Салық есептілігін өңдеу жүйесі, бірыңғай мәліметтерді сақтау қоры хабарламаларды шығару тәртібі бағдарламасы, орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттарының ақпараттық жүйесі бағдарламалары ақпараттық жүйелерінің көмегімен қабылдап, өңдеуді қамтамасыз ету. Салық төлеушілерден салық есептілігі нысандарын қабылдау. Салық есептіліктерінен шыққан бұзушылықты жою жөнінде хабарламаны тапсыру жұмысын бақылау. Қабылданған декларациялар мен есеп айырысулар бойынша жиынтық ақпарат құрау. Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша  тиісті сұраулар мен хаттар  дайындау. Салық заңдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Білім: жоғары экономикалық, құқықтық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Жеке кәсіпкерлердің  және заңды тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне  16.05.2020 ж. дейін) бас маманы, С-R-4 санаты, (№03-2-6) - 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Құжаттарды Тұтастандырылған салықтың ақпараттық жүйесі, Салық есептілігін өңдеу жүйесі, бірыңғай мәліметтерді сақтау қоры хабарламаларды шығару тәртібі бағдарламасы, орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттарының ақпараттық жүйесі бағдарламалары ақпараттық жүйелерінің көмегімен қабылдап, өңдеуді қамтамасыз ету. Салық төлеушілерден салық есептілігі нысандарын қабылдау. Салық есептіліктерінен шыққан бұзушылықты жою жөнінде хабарламаны тапсыру жұмысын бақылау. Қабылданған декларациялар мен есеп айырысулар бойынша жиынтық ақпарат құрау. Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша  тиісті сұраулар мен хаттар  дайындау. Салық заңдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Білім: жоғары экономикалық, құқықтық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне  14.02.2020 ж. дейін) бас маманы, С-R-4 санаты,  (№08-2-4) - 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Әкімшілік жүргізу, салықтарды өндіріп алу, қосылған құн салығының түсуі мен қайтарудың заңдылығын бақылау. Акциздік өнімдердің айналымы мен өндіріс саласындағы қызметін жүзеге асыратын және қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асырушы кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төленетін акциздердің толық және уақытылы төленуіне тексеру жүргізу. Акциздік салықты ұйымдастыруды және акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналымын бақылау мәселелеріне қатысты заңнамаларды жетілдіру жөніндеұсыныстар беру. Салық заңдылықтарын қолдану жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізу, салық төлеушілердің хаттарын қарау. Жанама салықтардың түсуіне бақылауды жүзеге асыру. Бюджетке жанама салықтардың түсуін қарастыратын  ҚР заңнамаларының  орындалуын қамтамасыз ету.Қосылған құн салығының қайтарудың әкімшілік жүргізуін өндіріп алу мен түсуін және заңдылығын  бақылау. Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Білім: жоғары экономикалық, құқықтық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Өндірістік емес төлемдерді және жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, № 07-2-5 - 1 бірлік.

         Қызметтік міндеттері: Өндірістік емес төлемдердің дұрыс есептелуі,  толықтығы мен уақытында енгізілуі және болжамның орындалуын бақылау. Әр табыс көзі бойынша салықтың бюджетке түсуін қамтамасыз ету жөнінде өндірістік емес төлемдер бойынша анықтама, қорытынды және ұсыныстар дайындау,әкімшілік жүргізуді, талдауды және бақылауды жақсарту мақсатында ұсыныстарды өңдеуге қатысу. Өндірістік емес төлемдердің бюджетке түсуін қарастыратын ҚР салық заңдылығын орындалуын қамтамасыз ету және тиімділігін оқып білу. Өндірістік емес төлемдерді жинау үшін әкімшілік тәсілдерді талдау және оны жан-жақты оқып білу. Аумақтық кірістер басқармаларымен бірігіп, өзіне бекітілген өндірістік емес төлемдердің түсу болжамының орындалуын бақылау, олардың түсу қарқынын қадағалау. Өндірістік емес төлемдерді дұрыс есептеуін, толық және мезгілінде бюджетке түсуін қамтамасыз ету мақсатында бақылау жүргізу. Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау.Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Жоғары экономикалық, құқықтық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

Білім: жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, № 09-2-4 - 1 бірлік.

         Қызметтік міндеттері: Сот отырыстарына қатысу, кассациялық және қадағалау шағымдарына қарсылықтар дайындау. Комитеттің талап-арыз жұмысын жүргізу, сот инстанцияларына шағымдар бойынша заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдардан, кәсіпорындардан мемлекетке салық қарызын өндіріп алуды қамтамасыз ету жұмысын  бақылау және үйлестіру. Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Жоғары экономикалық, құқықтық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі  кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

Білім: жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Заң бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, № 11-2-1 - 1 бірлік.

         Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік кіріс басқармасының  заңды мүдделері мен құқығын қорғауды жүзеге асыру, прокуратураның ұсынысы бойынша уақытында шаралар қолдануды бақылау. Басқармадағы орындалу тәртібінің жағдайына талдау жасау. Құқық түріндегі бұйрық, шешім және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу. Сот отырыстарына қатысу, кассациялық және қадағалау шағымдарына қарсылықтар дайындау, басқарманың талап-арыз жұмысын өткізу, сот инстанцияларына шағымдар бойынша заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдардан, кәсіпорындардан мемлекетке салық қарызын өндіріп алуды қамтамасыз ету жұмысын  бақылау және үйлестіру. Өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне есептілікті уақытылы тапсырылуын қадағалау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Жоғары құқықтық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)    

 

Өтініш

 

        

          Мені________________________________________________________________

____________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

___________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны ___________________________________

____________________________________________________________________

 

___________                              ___________________________________________

     (қолы)                                                    Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.