- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
Жарияланған күні: 28.06.2018 19:03
Өзгертілген күні: 28.06.2018 19:06
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер органдарының жедел – тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
1. Жедел-іздестіру қызметі басқармасы ұйымдастыру-талдау бөлімінің жетекші маман-офицері C-GDO-6 (1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Экономикалық қызмет ортасында қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды өңдеу және шаралар қолдану, экономикалық қылмыстар алдын-алу бойынша шараларға ұйымдастыру және қатысу, мемлекеттік органдармен, өкіметтік емес органдармен, бизнес құрылымдармен Экономикалық қылмыстарды тергеу қызметі бойынша туындаған сұрақтар бойынша әрекеттесу жүргізу.
Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі болуы керек.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.
2. Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы ұйымдастыру-талдау бөлімінің жетекші маман-офицері (кинолог) C-GDO-6 (1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Экономикалық қызмет ортасында қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды өңдеу және шаралар қолдану, экономикалық қылмыстар алдын-алу бойынша шараларға ұйымдастыру және қатысу, мемлекеттік органдармен, өкіметтік емес органдармен, бизнес құрылымдармен Экономикалық қылмыстарды тергеу қызметі бойынша туындаған сурақтар бойынша әрекеттесу жүргізу.
Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі және «кинолог» біліктілік куәлігі болуы керек.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.
3. Салық және кеден салаларындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының криминалистикалық бөлімінің бас маман- аға тергеушісі C-GDO-5 (1 бірлік).
Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: «сарапшы- криминалист» мамандығы бойынша жоғары оқу орнының дипломы немесе жоғары экономикалық/ заңгерлік/филологиялық/ техникалық мамандығы бойынша білімі және сонымен бірге келесідей өндіріс бойынша біліктілік куәлігі болуы керек:
1- экономикалық зерттеу, аудитор (шаруашылық операцияларға сарапшылық зерттеу, сарапшылық- бухгалтерлік зерттеу, сарапшылық -қаржылық-несиелік зерттеу, сарапшылық -қаржылық-бюджеттік зерттеу)
2-қойылған қол мен жазуға сарапшылық зерттеу, құжаттарды техникалық зерттеу
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Құқыққорғау, арнайы мемлекеттік мекемелерде немесе әскери қызметтегі еңбек өтілі екі жылдан кем болмауы, немесе мемлекеттік органдардағы еңбек өтілі төрт жылдан кем болмауы, дәл осы категория бойынша функционалдық бағыттарға сай болатын жұмыс аумағындағы еңбек өтілі бес жылдан кем болмауы тиіс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық – процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу.
Конкурсты өткізу ережесі және құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы №498 бұйрығымен бекітілген .
Құжаттарды қабылдау мерзімі – конкурс жүргізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде, (28.06-12.07.2018 ж қоса есептегенде).
Құжаттар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасында қағаз жүзінде қабылданады, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282) 24-34-79, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: Bbelgibaeva@taxalmaty.mgd.kz, b.belgibaeva@kgd.gov.kz, a.adyrbaeva@kgd.gov.kz
Конкурсқа қатысу үшін электрондық пошта арқылы құжат тапсырған азаматтар құжаттардың түпнұсқасын тестілеу өтуге бір жұмыс күні қалғанға дейін ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі
- нысандағы өтініш;
- нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ
(нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін;
4) бiлiмi туралы құжаттардың (диплом мен қосымшаның) көшiрмесiн;
5) әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылғаны туралы құжаттарының көшiрмесi;
6) өлшемі 3х4 фотосуретін (4 дана);
7) нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен және басылып шығарылған жазылған өмірбаян;
8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының соттылығы, бір жылдың ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтама;
10) үміткердің және оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғанын растайтын құжаттар;
11) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
12) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың көшірмелерін қабылдау кезінде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттар-дың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы бере алады.
Конкурс кезеңдері туралы мәлімет Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жалпыға көрінетін жерде ақпараттық стендтерінде, сондай-ақ, интернет-ресурста да орналастырылатын болады.