Жарияланған күні: 14.06.2016 18:30
Өзгертілген күні: 14.06.2016 18:32

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аталған мемлекеттік органда «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды

БСН 141140000549, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: e.nugmanova@kgd.gov.kz.   g.beisekbay@kgd.gov.kz

   Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Құжаттарды қабылдау соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 2016 жылдың 14 маусымынан 2016 жылдың 20 маусымын қоса есептегенде қабылданады.

С-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;  мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;   жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;ғылыми дәрежесінің болуы.     

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:  мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;  мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109932

148242

C-О-5

83 282

  1. 1

 

1. Қызметтік тергеу  бөлімінің басшысы С-О-4 санаты, №АРБ 2-1

 Қызметтік міндеттері: Бөлім жұмысына жалпы басшылық ету.Мемлекеттік кіріс департаменті мен аумақтық Мемлекеттік кіріс басқармаларында мемлекеттік органдардың жүргізген тексерулері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтардың талаптарын жүзеге асыру мәселелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарының қызметіне мониторинг жасау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар жасау. Жемқорлықтың алдын алу жемқорлықтың көріну белгілерін табу, оның алдын кесу жұмыстарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша шаралар мен мемлекеттік бағдарламаның орындалуын, Мемлекеттік кіріс  департаменті және аумақтық Мемлекеттік кіріс басқармалары әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" және " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы " Заңдардың сақталуын бақылау. Бақылау нәтижелері бойынша анықталған салықтық және басқа да заңдылықтарды жою жөнінде бақылау тексерулерін жүргізу.Компьютерде жұмыс істей білу, мемлекеттік және орыс тілін іскерлік  деңгейінде білу .

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Экономикалық және  құқықтық жоғары білім

2. Борыштармен  жұмыс  басқармасының оңалту және банкроттық бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты,  № БЖБ 2-2-2

Қызметтік міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкроттық рәсімдерін жүргізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру барысында мемлекеттік саясатты жүргізу. Конкурстық, оңалту басқарушыларының және сырттай байқау әкімшісінің жұмыстары туралы есептеріне талдау жасау. Конкурстық, оңалту басқарушылардың және сырттай байқау әкімшісінің жұмыстарына жоспар бойынша және жоспардан тыс тексерулер жүргізуге қатысу.Банкроттық туралы заңнаманың талаптарын бұзған конкурстық, оңалту басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісіне шеттету туралы ұсыныс енгізу.Басқарма есептерін Мемлекеттік кірістер комитетіне, мемлекеттік мекемелерге  сапалы және уақытылы дайындалуын ұйымдастыру.Төлем қабілеті жоқ ұйымдардың және жоқ борышкерлердің  қаржылық жағдайын анықтау үшін жедел талдау жүргізу. «Банкроттау және тарату рәсімін жүргізу» республикалық бюджеттік бағдарламасының аясында банкрот деп танылған төлем қабілеті жоқ және мүліксіз борышкердің тарату рәсімінің орындалу кестесіне бақылау жүргізу.Банкроттық заңнамаларды іске асыру бойынша сот, жергілікті орындаушы органдармен қарым-қатынасты қамтамасыз ету.Конкурстық массаны сату кезінде, «Банкроттық туралы” Заңның iс жүзiнде дұрыс қолданылуын  қадағалау..Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Экономикалық және  құқықтық жоғары білім

3. Заң басқармасының бас маманы, 2 бірлік, С-О-5 санаты, №ЗБ 1-2-3, ЗБ 1-2-4

 Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік кіріс  департаменті  мен оның құрылымдық бөлімшелерінде салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету, Мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін заңды қорғау. Салық төлеушілердің хаттары мен шағымдарын қараумен айналысады. Сот процестерінде Мемлекеттік кіріс департаментінің мүддесін қорғауға қатысады. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары  құқықтық білім

4. Адам ресурстары басқармасының персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, № АРБ 1-2-2

Қызметтік міндеттері: Кадр бірлігін іріктеу,орналастыру, штат кестесін  дайындау. Орындаушылық тәртібінің жай -күйін талдау. Бос лауазымдық орындарға орналастыру  және арнайы тексеруден өту үшін құжаттарды дайындауды жүзеге асыру.  Кадр жөніндегі жылдық және тоқсандық есептілікті жасау. Арнайы тексеруден өткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР-ның Бас прокуратурасы құқықтық статистика және есепке алу жөніндегі комитетің Алматы облысы бойынша басқармасына  жаңа қабылданған қызметкерлердің құжаттарын дайындау.Аттестация, біліктілік байқауларын өткізуге керекті құжатар дайындау. Бос лауазымдық орындарға құжаттар дайындап хабарлама беру. Құпиялық тәртіпті сақтауды бақылау. Жыл сайынғы еңбек демалысы кестесін дайындау. "Е-Минфин" ақпараттық системасына мәліметтер енгізу. Бұйрықтар жазу.  Компьютерде жұмыс істей білу, мемлекеттік және орыс тілін іскерлік  деңгейінде білу .

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.