
ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы мемлекеттік кірістер органдарының радиациялық бақылау жүргізу ережесі
Радиациялық бақылау "ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексіне (291-б., 2-т., 15-т.) сәйкес кеден органдарына жүктелген және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу пункттерінде және өзге де орындарда орналасқан МКО лауазымды тұлғалары автоматтандырылған немесе қол режимінде радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырады.
"КР кедендік реттеу туралы" ҚР 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 402-бабының 4-тармағына сәйкес радиациялық бақылау жүргізу қағидалары бекітілді (ҚР ҚМ 2018 жылғы 5 ақпандағы № 121 бұйрығы).
Радиациялық бақылау – Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың және/немесе көлік құралдарының иондаушы сәуле шығару деңгейін тексеру және халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оны табиғи ортамен салыстыру.
Тауарлар мен көлік құралдарын радиациялық бақылау – ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері мен өзге де орындарда өткізілетін кедендік бақылау түрлерінің бірі бола тұрып, ЕАЭО құқығына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кедендік аумағында халықтың радиациялық қауіпсіздігін, ядролық қару мен ядролық материалдарды таратпау халықаралық режимін сақтау, радиоактивтік заттар, гамма-сәулеленудің эквиваленттік мөлшердің қуатының, нейтрон, альфа-, бета- сәулеленудің ағымы тығыздығының (бұдан әрі – иондаушы сәулелену) жоғары деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарын ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы тасымалдау кезінде Кодекс талаптарының бұзылуын болдырмау мақсатында жүзеге асырылады.
Пайдаланылатын аппаратураның типін ескере отырып ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және өткізілетін өзге де орындарда радиациялық бақылау мынадай кезеңдерден тұрады:
бастапқы радиациялық бақылау;
қосымша радиациялық бақылау;
тереңдетілген радиациялық зерттеу;
сараптама.
Бастапқы радиациялық бақылаудың мақсаты тауарлар мен көлік құралдары ағыннан сәулелену мөлшерінің деңгейі жоғары (табиғи радиациялық фонға қарағанда) объектілерді (бұдан әрі – объектілер) жедел анықтау және бөлу болып табылады, оны тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау аймағына орналасуын бақылайтын мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.
Бастапқы радиациялық бақылау мақсатында РЗ радиациялық бақылау автоматтандырылған жүйелері (бұдан әрі – РЗ РБАЖ), ал ол болмаған немесе ақаулық болған кезде РЗ жылжымалы радиациялық бақылау құралдары пайдаланылады.
Бастапқы радиациялық бақылау жүргізу барысында анықталған сәулелену дозасының деңгейі жоғары объектілер тауарлар мен көлік құралдарының жалпы ағынынан бөлінеді. Бөлінген объектілер Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы айқындаған кемінде 3 метр қашықтықтан анық көрінетін радиациялық қауіптіліктің ескерту белгілерін қоя отырып, қосымша радиациялық бақылау жүргізу үшін кедендік бақылау аймағының учаскесіне (ашық алаң, тауарлар мен көлік құралдарының жалпы массасынан кемінде 20 метр қашықтықта орналасқан жеке үй-жай) орналастырылады.
Нейтрондық арна бойынша РЗ анықтаудың стационарлық аппаратурасы іске қосылған жағдайда иондаушы сәулелену көздерін оқшаулау және сәйкестендіру жөніндегі мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының одан әрі іс-қимылы Нейтрондық сәулелену детекторлары бар РЗ АБЖ өлшеу құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарына қосымша радиациялық бақылау жүргізу үшін негіздер:
1) бастапқы радиациялық бақылау нәтижелері;
2) жедел-іздестіру қызметі субъектілерінен жедел ақпарат алу;
3) тауарға ілеспе құжаттарды тексеру нәтижелері;
4) РЗ және құрамында радионуклидтер жоғары тауарлардың болу белгілерін анықтау, оның ішінде радиациялық қауіптілік белгілерін, тән қорғаныш контейнерлерін (қаптамаларын) анықтау.
Қосымша радиациялық бақылаудың мақсаттары:
1) РЗ анықтау аппаратурасының іске қосылу себептерін анықтау;
2) сәулелену дозасының жоғары деңгейі бар объектілерді іздестіру және оқшаулау, ораманы немесе көлік құралын ашпай гамма және нейтрондық сәулелер бойынша объектінің радиациялық сипаттамаларын өлшеу;
3) объектінің радиациялық қауіптілік дәрежесін бағалау.
Қосымша радиациялық бақылауды Мемлекеттік кірістер органдарының арнайы даярлықтан өткен лауазымды адамдары бір тәулік ішінде жүзеге асырады.
Қосымша радиациялық бақылау жүргізу үшін мемлекеттік тексеруден өткен дозиметриялық және радиометриялық аппаратура пайдаланылады.
Сәулелену дозасының деңгейі жоғары объектілерді іздеу және оқшаулау кезінде көлік құралдарының бөліктерін, жүк ыдыстарын ашу м. а. бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 261 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11205 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10671 болып тіркелген) бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтерін (бұдан әрі-гигиеналық нормативтер) қамтиды. Қаптамаларды ашуға жол берілмейді.
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қосымша радиациялық бақылау жүргізу барысында келесі талаптар орындалады:
сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі объект тұрғын үйлер мен қызметтік үй-жайлардан 20 метрден кем емес қашықтыққа алыстатылады. 20 метрге дейінгі қашықтықта тұрғын және қызметтік үй-жайлар болмаған жағдайда қауіпсіздік техникасын сақтай отырып темір жолдарда қосымша радиациялық бақылауды жүргізуге жол беріледі;
сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі объектілерінің маңайында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалардың және/немесе басқа тұлғалардың болу уақыты шектеулі болуы тиіс;
қойылған қоршауда кемінде 3 метр қашықтықтан анық көрінетін радиациялық қауіптіліктің ескерту белгілерінің болуы.
Тауарлар мен көлік құралдарына қосымша радиациялық бақылау мынадай тәртіпті көздейді.
Едәуір ұзындығы бар (темір жол вагоны, жүк автокөлік, контейнер) сәулелену мөлшерінің жоғары деңгейлі объектіні өлшеу бүкіл периметрі бойынша іздестіру режимінде объектінің ұзын бүйірлік қабырғасының орташа сызығы (биіктігі бойынша) бойынша жүргізіледі.
Құрал көрсеткіштері барынша жоғары нүктеде өлшеу оның және екі көршілес өлшеу нүктелерінің арасындағы аралықтардың ортасында жүргізіледі. Бұл рәсім өлшенетін шаманың мәні барынша жоғары нүктенің өлшеу желісі бойынша орналасуын анықтағанға дейін бірнеше рет қайталанады. Бұл нүкте үшін ұқсас өлшеу процедурасы тік бағытта да жүргізіледі.
Осыған ұқсас рәсім қарама-қарсы бүйір беті үшін де қайталанады. Егер құралдың осы өлшеу серияларындағы ең көп және ең аз көрсеткіштері бір-бірінен 10 еседен астам ерекшеленетін болса, радиацияның көздің локальді сипаты бар және өлшенетін шаманың максимумы анықталған орында орналасқан деген болжам жасалады. Егер ең көп және ең аз шамалар 2 есе артық мөлшерде ерекшеленетін болса, радиацияның көзі жүктің барлық көлемі бойынша бөлінді деп санау қажет. Аралық жағдайларда радиация көзінің мөлшерлері объектің мөлшерлерімен теңдес деп санауға болады.
Объектіде радиоактивті көздің болуы анықталғаннан және оның оқшаулану дәрежесін бағалағаннан кейін объектінің бетіндегі ең жоғары нүктесінде иондаушы сәулелену деңгейі өлшенеді.
Егер объектінің көлемі шағын (чемодан, сөмке) болса, онда оның бетінде сәуле мөлшерінің жоғары деңгейі бар екеніне көз жеткізу керек. Ол ең жоғары нүктені анықтау және иондаушы сәулелену деңгейін өлшеу.
Қосымша радиациялық бақылау жүргізу кезінде фото- және/немесе бейнетүсірілім жүргізілуі мүмкін.
Қосымша радиациялық бақылау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі дереу қабылданады:
1) тереңдетілген радиациялық тексеру жүргізу туралы;
2) тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы.
Зерттелетін объектінің сәулелену дозасының жоғары деңгейін және онда РЗ болуын растайтын қосымша радиациялық бақылау нәтижелері тереңдетілген радиациялық тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.
Объект бетіндегі гамма-сәулелену мөлшердің үш қуат өлшемінің (Нөлш) орташа арифметикалық мәні шамасының 0,2 Нф шамасына кедендік бақылау аймағында өлшенген табиғи фоны мәнінен (Нф) асуы тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу қажеттігін айқындайтын ден қою критерии болып табылады, яғни
Нөлш ≥ 0,2+ Нф,
мұнда Нөлш – гамма-сәулелену мөлшердің үш қуат өлшемінің орташа арифметикалық мәнінің шамасы, мкЗв/сағ., ол мынадай формула бойынша есептеледі:
Нөлш = 1/3 Нөлш.і, (і = 3 болғанда)
мұнда Нөлш.і - і-ші өлшеу кезінде объект бетіндегі гамма-сәулелену мөлшердіңі қуатының мәні, мкЗв/сағ.;
Нф - кедендік бақылау аймағында өлшенген табиғи фонның гамма-сәулелену мөлшердің қуатының мәні, мкЗв/сағ.
Осы ден қою критерии құрамында табиғи радионуклидтар бар тауарларға арналған, оларға мынадай тауарлар жатады: құрылыс материалдары (құм, балшық, қиыршықтық масса, граниттық масса, керамикалық бұйымдар, керамогранит, қиыршықтық тас, инерттық материалдар, кірпіш, керамзит, темірбетон бұйымдары, металл сынығы, ағаш), химиялық тыңайтқыштар, ауыр және жеңіл өнеркәсіп өнімдері, азық-түлік өнімдері, ауыл шаруашылық өнімдері және материалдардың қосымша топтары.
Құрамында табиғи радионуклидтері жоқ өзге тауарлар үшін объект бетіндегі гамма-сәулелену мөлшердің үш қуат өлшемінің (Нөлш) орташа арифметикалық мәні шамасының 0,2 Нф шамасына кедендік бақылау аймағында өлшенген табиғи фоны мәнінен (Нф) асуы, яғни Нөлш≥0,2+Нф, және/немесе объектінің Санитариялық қағидалар мен Гигиеналық нормативтер белгіленген рұқсат деңгейлерінен асырылған альфа- және бета- сәулеленетін нуклидтарымен сыртқы ластануы тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу қажеттілігін айқындайтын ден қою критерийі болып табылады.
Нейтрондық сәулелену ағыны тығыздығының жоғары деңгейі бар көздерді локализациялау және сәйкестендіру бойынша тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізуді айқындайтын ден қою критерийі Санитариялық қағидалар мен Гигиеналық нормативтерде белгіленген рұқсат етілген мәндерден асып кету болып табылады.
Тереңдетілген радиациялық тексерудің мақсаты Зерттелетін объектідегі РЗ-ны барынша ықтимал оқшаулау және бастапқы сәйкестендіру болып табылады.
Тереңдетілген радиациялық тексеруді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша радиациялық бақылау жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдар экспозициялық дозаның қуаты 1 мкЗв/сағ артқан кезде бір тәулік ішінде жүзеге асырады.
Тереңдетілген радиациялық тексеру жүргізу үшін мемлекеттік тексеруден өткен спектрометриялық және радиометриялық аппаратура пайдаланылады. Сәулелену көзін іздеу және оқшаулау іздеу режимінде радиометриялық аппаратураның көмегімен жүргізіледі.
Сәулелену дозасының жоғары деңгейі бар объектілерді іздеу және оқшаулау кезінде көлік құралдарының бөліктерін, жүк орындарын және орамдарды ашу Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарына тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу мынадай тәртіпті көздейді.
Едәуір ұзындығы бар (теміржол вагоны, жүк автомобилі, контейнер) және жүк ыдысына (қораптар, жәшіктер, канистрлер) жүк толтырылған объектіні өлшеу әрбір жүк ыдысының барлық бетінде жүргізіледі.
Радиоактивті көз дәл осы жүк сыйымдылығында болады деген болжам оны табылған объектіден объектінің кемінде төрт ең жоғары көлденең өлшемдеріне тең қашықтыққа алыстату кезінде аспап көрсеткіштерінің азаюы болуы мүмкін.
Егер жүк сыйымдылығы жеткілікті үлкен болса, анықталған объектінің шегінде радиоактивті көзді барынша ықтимал оқшаулау және нейтрондар ағыны тығыздығының ең жоғары мәндерін және оның бетіндегі гамма-сәулелену дозасының қуатын, сондай - ақ альфа-және бета-сәулелену радионуклидтерімен беткі ластануды айқындау мақсатында жоғарыда сипатталған схема бойынша қосымша өлшеулер жүргізіледі.
Зерттелетін объектідегі сәулелену көзін оқшаулағаннан кейін оның құрамындағы радиоактивті заттарды бастапқы сәйкестендіруді жүргізеді. Біріншіден, объектінің бетінде тіркелген нейтрондық сәулеленудің бар-жоғын анықтаңыз (егер локализация гамма-сәулелену арқылы жүргізілсе). Ол үшін гамма-сәулелену дозасының абсолютті максималды қуат нүктесінде нейтрон ағынының тығыздығы өлшенеді. Егер көзді оқшаулау Нейтрондық сәулелену бойынша жүргізілсе, онда оның абсолютті максимум нүктесінде гамма-сәулелену дозасының қуаты өлшенеді.
Елеулі нейтрондық сәулеленудің болуы (фондық сәулеленуден 2 немесе 3 есе артық) зерттелетін объектінің құрамында бөлінетін материалдардың болу ықтималдығын куәландырады.
Объектінің бетінде нейтрондардың тіркелген ағыны болмаған жағдайда, жылжымалы гамма-спектрометр немесе спектрометриялық арнасы бар радиометр болған кезде объектіге ораманы ашпай-ақ гамма-спектрометриялық тексеру жүргізіледі. Датчик арнайы штативке гамма-сәулелену дозасының абсолютті максималды қуат нүктесіне қарсы объектінің бетіне жақын немесе спектрометрдің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін одан белгілі бір қашықтықта орнатылады. Сәулелену қарқындылығына және спектрометрдің сезімталдығына байланысты спектрді жинақтау уақытын таңдау радионуклидтерді сенімді сәйкестендіру үшін жеткілікті статистикалық деректер алуды қамтамасыз етуі тиіс.
Объектілерді сараптамаға беру және оны тасымалдау санитариялық қағидаларды сақтай отырып, радиациялық бақылау жүргізуге Мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды адамдарының бақылауымен жүзеге асырылады.
Сараптама/зертханалық зерттеулер нәтижелері Журналға енгізіледі.
Сараптама/зертханалық зерттеулер нәтижелерін алғаннан кейін Мемлекеттік кіріс органы тәулік ішінде шешім қабылдайды:
1) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау немесе қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізу туралы;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және өзге де өткізу орындарында тауарды өткізу туралы;
3) тауарды Еуразиялық экономикалық одақтан тысқары жерге тасымалдаған жағдайда тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкелу кезінде тауарды дереу әкету туралы не тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.