- Departments by region
- Astana
 - Almaty
 - Ulytau Region
 - Zhetysu Region
 - Шымкент
 - Abay region
 - Akmola region
 - Aktobe region
 - Almaty region
 - Atyrau region
 - East Kazakhstan region
 - Zhambyl region
 - West Kazakhstan region
 - Karagandy region
 - Kostanay region
 - Kyzylorda region
 - Mangistau region
 - Pavlodar region
 - North Kazakhstan region
 - South Kazakhstan region
 
 
Date of publication: 18.06.2015 15:46
      Date of changing: 01.03.2017 17:49
    Кеден одағы шекарасынан өтетін жеке тұлғаларға жаднама
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты келісімге сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарларға бағалық және салмақтық норма, кедендік төлемдерден босатылуы қарастырылған(Санк-Петербург қ. 15 маусым 2010ж).
Жеке тұлғалардың алып өтетін тауарларының сомасы, кедендік төлемдерден артпаса, кедендік төлемдерден босатылады:
| 
 Өткізу әдісі  | 
 Салмақ және сомасы  | 
| 
 Көліктің басқа түрлері  | 
 50 кг артса 1500 евро  | 
| 
 Әуе көліктері  | 
 50 кг артса 10000 евро  | 
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы «11» қаңтардағы
№ 12 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы «31» наурыздағы
№ 250 бұйрығына қосымша
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері
- Кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатады, егер:
 
- олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:
 
ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;
ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2(екі) бірлік;
планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;
портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;
зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;
велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;
бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;
2) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса.
2. Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.
3. Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.
Жоғарыдағы көрсеткіштерге сәйкес келмесе, кедендік бағаның 30% көлемінде біріңғай ставка бойынша, бірақ 1 кг-ға 4 еврадан кем емес кедендік төлем ұсталады.

Алматы облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті




























