Date of publication: 19.05.2021 15:25
Date of changing: 19.05.2021 15:26

Темекі өнімдерін сандық таңбалау

 

Құрметті салық төлеушілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 "таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы" қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қазаннан бастап темекі өнімдерін (фильтрлі сигареттер), темекі өнімдерінің басқа түрлерін міндетті таңбалау енгізілді, цифрлық таңбалау қолданылатын тауарлар тобы айқындалды.

ҚР Қаржы министрінің  2020 жылғы 28 қыркүйектегі  № 927 бұйрығымен темекі  өнімдерін таңбалау қағидалары бекітілді.

Таңбалау қағидалары темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және оларды Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі қадағалау тәртібін айқындайды.

Таңбалау қағидаларына сәйкес, өндіруші таңбалау қағидаларының талаптары  Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдерін таңбалауды жүзеге асырады.

Импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген темекі бұйымдарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін  ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырғанға дейін таңбалауды қамтамасыз етеді.

Таңбалау қағидаларында міндетті таңбалау енгізілген күнге таңбаланбаған темекі өнімдерінің қалдықтары міндетті таңбалау енгізілген күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде айналымға қатысушылардың өткізуіне жатады деп көзделген.

Темекі өнімдерінің кез келген айналымы қажетті деректерді оқитын және оларды фискалдық деректер операторларына беруге мүмкіндік беретін 2D-Сканерді пайдалану арқылы ғана мүмкін болады. Егер кәсіпкер жұмысында 2D-сканерді пайдаланса, онда жаңасын сатып алудың қажеті жоқ.

Темекі өнімдерін сату үшін 2D- сканерге  альтернатив  ретінде "Naqty Sauda" (Android және IOS) тегін мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Кәсіпкерлерді қолдау және мәселелерді талқылау үшін "Markirovka Qoldau"Telegram-чаты жұмыс істейді. Тауарларды таңбалау мәселелері бойынша тәулік бойы тегін " шұғыл " желі жұмыс істейді - 8 800 080 6565.