
Мемлекеттік қызмет көрсету
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдайлар жасау, оларды барлық топтарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі.
Бүгінгі таңда біз жеке және заңды тұлғаларға 44 түрін мемлекеттік қызмет көрсетеміз, оның ішінде 28 салық және 16 кедендік қызметтері.
Осы 44-тің – 32-сі автоматтандырылған, 12-сі қағаз жүзінде көрсетіледі.
2019 жылы көрсетілген қызметтердің саны 1 802 468 құрады, оның ішінде 1 605 357 (89,1%) электронды түрде, 188 208 қызмет (10,4%) қағаз жүзінде, «Азаматтар Үкіметі» мемлекеттік корпорациясы арқылы 8 903 болды.
2018 жылмен салыстырғанда 218 904 қызметке немесе 5,8% -ға электронды түрінде көрсетілген қызметтер қызметтердің өсуі байқалады.
Электрондық қызметтер, қызмет көрсету процесінде қарым-қатынастарды азайтуға мүмкіндік береді, міндеттемелерді орындауын жеңілдетеді, олардың алу уақытын және шығындарын азайтады.
Сонымен қатар, электрондық қызметті үйде немесе кеңседен шықпай онлайн режимінде кез келген уақытта алуға болады.
Өтініштердің статистикасы, электрондық салық қызметтері қазірдің өзінде танымал екенін көрсетеді. Жыл сайын электрондық қызметтердің үлесі артуда.
Егер 2014 жылы электронды түрде ұсынылатын қызметтердің үлесі 72% (838 386), 2015 жылы - 78% (824 532), 2016 - 79% (876 120) құрса, 2017 жылы 85.5% (997 108), ал 2018 жылы – 91,4% (1 386 453).
Электрондық түрде ұсынылған салық есептілігі нысандарының көбеюіне байланысты қағаз жүзінде салық есептілігін ұсынуды азайту үрдісі байқалады.
2019 жылы электронды түрде ұсынылған салық есептілігінің үлесі 99,5% (573 948) құрады. Нәтижесінде, кәсіпкер кез келген уақытында онлайн режимінде үйінен немесе кеңсесінен шықпай-ақ салық есептілігін жібереді, жеке шоттарын қарайды, мемлекеттік кірістер органдарынан хабарламалар алады.
Мұның бәрі мемлекеттік кірістер органдарындағы кезек мәселесін шешті. Бірақ, егер де, салық төлеушіге мемлекеттік кірістер органынан белгілі бір ақпарат алу қажет болса, онда оны ең ашық жұмыс жүйесі бар заманауи қызмет көрсету орталықтары күтеді.
Салық төлеушілерге салық заңнамасының ережелерін түсіндіру үшін қажетті құжаттарды, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттық стендтерді толтыруға арналған ыңғайлы үстелдер жабдықталған.
7 үлкен ауданда (Талдықорған, Қапшағай, Іле, Жамбыл, Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ахуалдық орталығына қосылған кезектерді басқарудың электронды жүйесі орнатылды.
Электрондық жүйенің функционалдық мүмкіндіктері жетілдіріліп, жүйеге қызмет көрсетудің уақыт көрсеткіштерін нақты белгілеуге мүмкіндік береді - таймер кесте түрінде статистикалық мәліметтерді көрсетумен операторлар арасында кезектердің бөлінуін ескере отырып, күту және қызмет көрсету уақытына орнатылады.
Қазіргі уақытта КБЭЖ және ситуациялық орталықтың қызметі интернет-орталықтарда кезектердің бар-жоғын онлайн режимінде көруге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, үлкен аудандарда (Талдықорған, Қапшағай, Іле, Жамбыл, Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ) салық төлеушілерге жедел кеңестер беру функциясын орындайтын модераторлық қызмет ұйымдастырылды, қажетті салық есептілігі нысандарды толтырудың толықтығы мен дұрыстығын тексереді және де салықтық өтініштерді береді.
Модератор мен кеңесшінің жұмысы салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын жақсартады, Орталық қызметкерлерінің жұмыс уақытын үнемдейді және салық төлеушіні қажетті ақпаратты іздеуден және кеңселерде жүруден сақтайды.
Сервистік орталықтарды қайта құру (қайта жабдықтау), яғни барлық аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттері мемлекеттік қызмет көрсетудің «тосқауылсыз» қағидасына көшті.