Date of publication: 10.03.2022 14:29
Date of changing: 10.03.2022 14:45

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес өтті

 

2022 жылғы 9 наурызда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Жұмабаевтың, ҚР ҚМ МКК кадрлар және ішкі әкімшілендіру департаментінің ВББ басшысы А.Әлібековтің қатысуымен кеңес өтті.

Кеңесте Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған мәселелер талқыланды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, ағымдағы жылдың өзінде Департаменттің аумақтық және құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар жасау жағдайлары орын алды.

Кеңес барысында нақты тапсырмалар берілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жасалатын сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың санын азайту мақсатында жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша қатаң шаралар қабылдау қажет.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сыбайлас жемқорлық аймақтарын анықтау және осындай учаскелерде орындалатын жұмыстардың сапасына мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған қызметкерлерді анықтау.

Осы мәселе бойынша дербес жауапкершілік Департаменттің аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүктеледі.

Департаменттің, аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің міндеті әрбір қызметкерде кез келген құқық бұзушылыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру керек. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандар  жазасыз қалмайды, әркім өз құқық бұзушылықтарының салдарын сезінуі тиіс.