
2022 жылдың ақпан айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есебінің Талдау анықтамасы
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде ) 2022 жылдың екі айында 378 608 қызмет көрсетілген, оның ішінде 375 398 немесе 99,2%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 847 қызмет, «Е-лицензирование» - 321 қызмет), 3 201 немесе 0,2% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 9 немесе 0,002%.
Сондай-ақ, 2022 жылдың ақпан айында 229 522 қызмет көрсетілген, оның ішінде 227 749 немесе 99,2%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 459 қызмет, «Е-лицензирование» - 209 қызмет), 1 766 немесе 0,8 % – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 7.
Есептік кезеңінде (2022 жылдың ақпан айында) ең сұраулы келесі қызметтер:
- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 113 459 немесе 49,4% құрайды;
- «Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме беру» қызметі 40 512 немесе 17,7% құрайды;
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Сонымен, 2022 жылдың ақпан айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 1100 іс-шара өткізілді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және Әдеп кодексін сақталуына қатысты, мақалалар бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияналып, тікелей эфирлер өткізілді.
Аумақтық ведомстволық бағыныстағы басқармалары мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкерлерінің білім деңгейін және квалификациясын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде техникалық сабақтар өткізеді.
Сонымен қатар, ақпан айында Департаментімен Ескельді, Қаратал, Көксу аудандары және Текелі, Талдықорған қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында «Жасырын тұтынушы» әдісін қолданып қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша тақырыптық тексерістер жүргізілді (негізі: Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 10.02.2022 жылғы № К-31 бұйрық).