Жарияланған күні: 19.11.2025 16:14
Өзгертілген күні: 19.11.2025 16:14
Әр азамат білуі тиіс!
 
Мемлекеттік кірістер органдары азаматтардың салықтық міндеттемелерін қаншалықты орындап жатқанын үнемі тексереді.
Бұл тексерістер барысында МКК салық декларацияларындағы мәліметтерді басқа мемлекеттік органдардан алынған ақпаратпен салыстырады.
 
 2024 жылдың нәтижелері бойынша: мүлікті сату кезінде табыстарды төмендетіп көрсету жағдайлары анықталды.
Нәтижесінде жеке тұлғаларға хабарламалар жіберілді.
 
Не істеу қажет:
* есеп тапсырып, салықты төлеу;
* немесе, егер келіспесеңіз, түсіндірме ұсыну.
 
 Хабарламаны орындау мерзімі — 30 жұмыс күні.
 
 МКК еске салады: табыс алынған жағдайда, соның ішінде мүлікті сату кезінде де, салық төлеу қажет.