Жарияланған күні: 26.09.2016 18:36
Өзгертілген күні: 26.09.2016 18:36

Алматы облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасай ауданы  бойынша Мемлекеттік кірістер  басқармасы жетім балаларға  және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтiк бағыттағы және жұртшылықпен  өзара іс-қимылға бағытталған іс-шаралар    аясында   қамқорлық жұмыстар атқарып келеді.

     Сол қамқорлық аясына   қамқорлық көмек шеңберінде мына балалар үйлері  бар: 

-        Қарасай ауданының  Абай ауылында орналасқан «Перзент»;

-        Талғар қаласында орналасқан «Ковчег»;

-        Алматы қаласы Наурызбай ауданының Ақжар ауылында орналасқан  әлеуметтік бағыттағы «Ақ Үміт» балалар үйі;

Жетім балаларға  және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйлері  тәрбиеленушілеріне қамқорлық көмек  ерікті түрде атқарылуда, соның   қатарында:

      2016 жылдың басынан бері,  Қарасай ауданының  Абай ауылында орналасқан «Перзент»,  Талғар қаласында орналасқан «Ковчег», Алматы қаласы Наурызбай ауданының Ақжар ауылында орналасқан  жетім балалар  үйі;

       Балалар үйлері  тәрбиеленушілеріне қамқорлық шаралар, қызметкерлеріміздің ерікті түрде  қосқан жеке қаржылай үлестері мен демеушілер көмегі негізінде  көрсетілуде, соның ішінде:

     - Қарасай ауданының  Абай ауылында орналасқан «Перзент»,  Талғар қаласында орналасқан «Ковчег»,  Ақжар ауылында орналасқан  жетім балаларға  және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйіне  тәрбиленушілеріне арнап     «Ашық есік күні»  өткізілді.

      - «Апорт» сауда кешені орталығының демеушілігімен соның ішінде орналасқан «Гавай аралдарында» 55 балаға  ойын-сауық,  демалыс ұйымдастырылды;

    - «Ковчег»   балалар үйіне 10 (он) тонна көмір түсіріліп берілді.

    - Ақжар ауылында орналасқан  балалар үйіне азық-түлік  сатып алынып берілді;

     - Қайырымдылық шаралар аясында балалармен бірге спорттық ойындар мен концерттік программалар өткізілді;

     - Жаңа 2016-2017  оқу жылы қарсаңында   балаларға оқу  құрал-саймандары  алынып,  киіндірілулеріне  қол ұштары  созылды.

    - Балалар үйлерінің аулалары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қурай шөптері шабылып,  тазалық жұмыстары жүргізілді.

    - Рамазан айының құрметіне 55 балаға арналып Ауыз Ашар-Ифтар   берілді.