
Зияткерлік меншік объектілерін бар тауарлар кодтарының сыныптауышы бекітілді
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, "Жіктеуіштерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 бұйрығына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 415 бұйрығымен келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін хабарлайды: тауарларға арналған декларацияның 33-бағанының екінші және үшінші кіші бөлімдерінде толтырылатын зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар кодтарының жіктеуіші және зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау жөнінде электрондық өтініш беру үшін пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтердің жіктеуіші бекітілді.
«Жіктеуіштерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 259 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Тауарларға арналған декларацияның 33-бағанының екінші және үшінші бөлімдерінде толтырылатын, зияткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлар кодтарының жіктеуіші
Кодтар |
Сипаты |
I0100 |
Зияткерлiк меншiк объектiлерi жоқ тауарлар |
I0110 |
ЕАЭО мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар |
I0200 |
ЕАЭО мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілмеген зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар |
- Зияткерлiк меншiк объектiлерi құқықтарын қорғау бойынша өтінішті электрондық беру үшін қолданатын, құжаттардың және мәліметтердің жіктеуіші
Кодтар |
Сипаты |
I0001 |
Зияткерлік меншік құқығының бар екендігін және тиесілілігін растайтын құжаттар |
I0002 |
Құқық иеленуші өзінің мүдделерін білдіретін тұлғаға берген сенімхат |
I0003 |
Құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның мүліктік зиянды өтеу туралы міндеттемесі |
I0004 |
Өтініш иесінің басқа тұлғаларға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шарты |
I0005 |
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 461-бабына сәйкес басқа құжаттар |