Жарияланған күні: 05.10.2021 12:41
Өзгертілген күні: 05.10.2021 12:51

«Жоңғар қақпасындағы «Достық» кедені» атты кітап жарық көрді

 

Жуырда еліміздің оңтүстік-шығысында  қоңыс тепкен «Достық» кеденінің құрылу тарихын терең талдаған «Жоңғар қақпасындағы «Достық» кедені» атты әдеби, тарихи және иллюстациялық кітап жарық көрді.

Кітаптың мұқабасында: «Бұл кітап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен кеден органдарының құрылғанына 30 жыл толуына арналады», - деп жазылған.

Кітап авторы - кеден қызметінің ардагері, мемлекеттік кірістер органдарының үздігі Бекен Нұрахметов. Автор өзінің еңбек жолын осыдан 29 жыл бұрын аталмыш кеденде бастағандықтан, барлық фактілер мен деректерді және тарихи фотосуреттерді өте шебер қолдана білген.

Кітапта отыз жыл ішінде кеденде болған оң өзгерістермен қоса, орын алған қиындықтарды да шынайы суреттеген. Атап айтсақ, кеденнің құрылу тарихынан бастап, кеден органының басшылары, кеденнен қанат қаққан беделді азаматтар, кеденшілер шығармашылығы, кеденнің намысын қорғаған спортшылар, кеденнен зейнетке шыққан әріптестер, мемлекеттік марапатқа ие болған кеденшілер, кеденшілердің бастан кешірген небір қызықты оқиғалар, т.б. қилы-қилы тағдырлар көрініс тапқан.

Сонымен қатар жылына 300 күн бойы секундына 25-30 метр жылдамдықпен «Жоңғар қақпасын» дірілдете соғатын желдің климаттық ерекшеліктері және осыдан отыз жыл бұрынғы кеденнің мүшкіл жағдайы мен бүгінгі тынысы салыстырмалы түрде сәтті көрсетілген.

Бұған қоса Дүниежизілік сауда ұйымы мен Дүниежүзілік кеден ұйымы, басқа да халықаралық ұйымдардың конвенцияларын талаптары негізіндегі кеденнің даму үрдісі жүйелі баяндалған.

«Достық» кеденінде 1992 жылы жүк тасымалы 730 мың тоннадан ғана асса, 2020 жылы 14 млн. тоннадан асқан. Осы деректер арқылы кемеліне жеткен кеденнің болашағы бүгінгіден де зор болмақ екенін аңғартады.

.

.

.

#дгдпоалматинскойобласти

#алматыоблысыбойыншамкд

#таможня

#кеден

#customs

#таможенныйпост

#кеденбекеті

#QAZAQSTAN30

#MENINQAZAQSTANYM