
Жол полициясы басқармасымен және көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша 172 бірлескен іс-шара өткізілді
Мемлекеттік кірістер органдарымен ағымдағы жылдың сегіз айында 71 601 жеке тұлғаның берешекті өндіріп алу туралы салық бұйрықтары шығарылған. Облыс бойынша Жол полициясы басқармасымен және ЖСО жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша 172 бірлескен іс-шара өткізілді. Нәтижесінде әртүрлі санаттар бойынша жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктің 162 тізімдемесі жасалды, сипатталған мүліктің бағалау құны - 82 583,4 мың теңгені құрады. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 32 347,2 мың теңге сомасына көлік салығы бойынша бересі өндірілді.
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті