
Жетісулық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері кәсіби мерекелерін атап өтті
Алматы облысының орталығында орналасқан «Жастар» спорт сарайында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары мемлекеттік кірістер комитетінің құрылған күнін салтанатты түрде атап өтті.
Жиын қонақтарынқұрметті сапқа тұрғансалық, кеден және экономикалық тергеу қызметкерлері қарсы алды.
Салтанатты ашылу басында, біздің қызметтің қалыптасу кезеңі, бүгінгі қызмет пен біздің жетістіктеріміз туралы арнайы бейне ролик көрсетілді.
Қызметкерлерді кәсіби мейрамымен Алматы облысы әкімінің орынбасары Л.Тұрлашов, Алматы облысының «Нүр Отан» партиясының бірінші орынбасары Г.Сарыбаев құттықтады.
Құрметті қонақтар арасында құқыққорғау органдарының басшылары, салық, кеден және қаржы полициясының ардагерлері болды.
Ардагерлер атынан құттықтау сөз, салық қызметінің ардагері Ә.Ілімжановқа берілді.
Қызметкерлерін кәсібіи мерекесімен құттықтай тұра, Департамент басшысы Қ.Исақов барлық құрылымдық бөлімшелерінің жүйелі және келісілген жұмыстарын айта өтті. Барлықтарына мықты денсаулық, бахыт пен амандық тіледі. ....
Департамент басшысы Қ.Исақов өз қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып,
Облыстың бірқатар білікті мамандары «ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер органының үздігі» атағымен, «Құрмет грамоталармен», «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Тәуелсіздік жылдары Алматы облысы әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды түрде дамыды. Жылдан жылға бюджет түсімі тұрақты түрде ұлғаюда. Аталмыш департаменттің барлық құрылымдық бөлімшесінің бірізді жұмыстарының нәтижесінде бюджеттің барлық деңгейінде салық пен кедендік төлемдер түсімі қамтамасыз етілді.
2016 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспары 107 547 млн.теңге болса, түсім 121 103 млн. теңге. Жоспардан тыс 13 556 млн. теңге түссе, оның ішінде республикалық бюджет 6451 млн.теңге, жергілікті бюджет 7 104 млн. теңгені құрады.
Осы орайда ерекше назарға департаменттің экономикалық тергеу қызметі лайықты. Олардың қызметтерінің негізгі бағыты - «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бойынша құқық тәртіп мен заңдылық деңгейін көтеру, оның ішінде қорғау жүйесі мен халықтың азаттық жүйесін жетілдіру арқылы заңдылықты қатал сақтау.
Ағымдағы жылдың 6 айында экономикалық тергеу қызметімен 411 экономикалық қылмыс анықталса, оның ішінде 321 қылмыстық іске нүкте қойылып, 239-ы сотқа жіберілді, 82-і тоқтатылған. Аяқталған қылмыстық істерден 5,3 млрд.теңге шығын анықталса, оның 2,5 млрд. теңгесі бюджетке қайтарылған.
Департамент өкілдері өздерінің кәсіби жұмыстарынан тыс қоғамдық-мәдени іс-шараларда да белсенді. Олар бильярд, волейбол, мини-футбол, үстел теннисі мен шахмат жарыстарының да белортасында жүріп, департамент абыройын көтеріп жүр. Мереке құқық қорғау органдары арасында өткен «Шағын футбол» турнирімен аяқталды.