
Жеке тұлғалардан жер салығы мен мүлік салығын төлеу
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жеке тұлғалардан жер салығы мен мүлік салығын есептеу және төлеу мерзімдері өзгертілді.
Жеке тұлғалармен төлеуге жататын жоғарыда көрсетілген салықтарды есептеуді мемлекеттік кіріс органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді. Бұл ретте 2018 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын, жер салығын төлеу мерзімдері 2019 жылдың 1 қазанында болды. Осыған байланысты, 2018 жылдың осы салық түрлерін ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінен кешіктірмей төлеу қажет болған.
Аумақтық мемлекеттік кірістер органы жеке тұлғаға есептелген салықтардың сомасы туралы хабарлама жібереді, оны алып, есептелген салықтарды уақтылы төлеуге болады. Егер жеке тұлғада есептелген салықтардың сомасы бойынша мәселелер туындаса, онда оған аумақтық мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет.
Жер салығы мен мүлік салығы уақтылы төленбеген жағдайда жеке тұлғалардан салық пен бюджетке төленетін төлемдердің төленбеген сомасына өсімпұл есептеледі. Өсімақы бюджетке төленетін күнді қоса алғанда, салықты және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өткен әрбір күн үшін салық және бюджетке төленетін төлемдер төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап есептеледі.
Егер белгіленген мерзімде есептелген салықтардың сомасы төленбесе, онда мемлекеттік кіріс органы жеке тұлғаға салық берешегі туралы хабарлама жібереді. Бір айлық есептік көрсеткіштен асатын (ағымдағы жылдағы АЕК 2525 теңге) салық берешегі өтелмеген жағдайда, мұндай хабарлама тапсырылған күннен бастап 30 жұмыс күні өткеннен кейін мемлекеттік кірістер органы салық бұйрығын шығарады. Салық берешегі 5 жұмыс күні ішінде өтелмеген жағдайда, мұндай салық бұйрығы мәжбүрлеп орындату үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына (сот орындаушысына) жіберіледі.
Құрметті салық төлеушілер! Жеке тұлғалардан 2018 жылы жер салығы мен мүлік салығын төлеудің соңғы мерзімі 2019 жылғы 1 қазанда болды. Салықтарды уақытылы төлеулеріңізді сұраймыз!
Салық төлеушілерді ҚР Мемлекеттік кірістер Комитеттің интернет-ресурсында салықтарды төлеу бойынша орындалмаған салық міндеттемелерінің болуы туралы хабардар ету мақсатында www.kgd.gov.kz "Электрондық үкімет" порталында "салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" электрондық сервисі іске асырылды, ол онлайн-режимде салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша салық берешегінің бар/жоқ екендігі туралы өзекті мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.