Жарияланған күні: 16.11.2020 11:55
Өзгертілген күні: 16.11.2020 12:38

Жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық туралы

 

Алматы облысы бойынша МКД хабарлайды: жеке тұлғалар үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық кезеңдері үшін құралған мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша негізгі қарызды сомаларын төлеу шарты кезінде өсімпұлдарды есептен шығаруға салықтық рақымшылық жасау көзделген. (2019 жыл үшін мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанда).

Салық төлеушінің 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша жеке шотында есептелген өсімпұл сомасы, сондай-ақ оны төлеген күнді қоса алғанда, оны төлеуге дейінгі осындай берешек сомасына есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылады. Бұл ретте өсімпұл берешек төленген салық түріне сәйкес есептен шығарылады. Салық рақымшылығын жүргізудің мерзімі - 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.