Жарияланған күні: 11.07.2022 09:58
Өзгертілген күні: 11.07.2022 09:59

Жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдарды жасай және қабылдай алады

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы №323 бұйрығымен жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары бекітілді,

Мәселен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар операцияларға бір жеке тұлғаның қатарынан күнтізбелік үш айдың ішінде 100 және одан да көп адамнан банк шотына кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған ақша қаражатын алуы болып табылады.

2025 жылдан бастап Екінші деңгейдегі банктерден анықталған операциялар бойынша ЖК ретінде тіркелмеген, белгілі бір критерийлер бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар жеке тұлғалар бойынша мәліметтер алу жоспарлануда, деп хабарлайды Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаменті.

Кәсіпкерлік кодекске түзетулер шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін ағымдағы банктік шотқа тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін төлемнің түсуін қамтамасыз ету бөлігінде міндеттерді енгізу көзделген.

Бұл ретте жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдарды жасай және қабылдай алады.

Осылайша, түзетулер жеке тұлғалардың, адал салық төлеушілердің жеке аударымдарын қозғамайды және салық мониторингін жүргізу кезінде тиімділікті арттыруға, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауға және залалды және салық төлеуден жалтаруды болдырмауға бағытталған.