Жарияланған күні: 11.10.2019 16:54
Өзгертілген күні: 11.10.2019 16:55

Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі (жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор)

      

Жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі жеке практикамен айналысатын адамның осы Кодекстің 336-бабына сәйкес айқындалған кірісінің мөлшерінде айқындалады.

Жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор

Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістері бойынша жеке табыс салығының сомасы жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кіріс сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы әр айдың қорытындысы бойынша бір айға алынған кірістер бойынша есептеледі.

Есептелген салық сомасы кірістер бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ай сайын төлеуге жатады.