
Жас мамандарға этикалық тәрбие беру
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекеттің ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, әдепіне және моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күштерін, білімі мен тәжірибесін жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, қоғамға әділ және адал қызмет етеді деп есептейді.
Мемлекеттік органдар жүйесінде мемлекеттік қызметке алғаш кірген жас мамандарды тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Олардың тиісті моральдық-адамгершілік келбетін қалыптастыру жөніндегі жұмыс ерекше назар аударуды және формальды көзқарасқа жол бермеуді талап етеді. Осыған байланысты этикалық кодексте мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін үш күн мерзімде мемлекеттік қызметші кодексінің мәтінімен жазбаша түрде танысу көзделген. Осылайша, жас мамандарға мемлекеттік қызметте жұмыс істеген алғашқы күннен бастап азаматтар мен жұмыс бойынша әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық, әдептілік, қарапайымдылық, тілдік мінез-құлық мәдениетін сақтау қажеттігіне сенім артады.